09.08.2012, 12:47 3073

Астанада ынтагерлер тобы Есіл өзенінен тұңғыш рет інжу алды

"Біз қала маңына 60 інжу-бақалшықты арнайы торға салып қойғанбыз. Идісі қарапайым. Устрицаның бірінің бақалшығы майда бөліктерге ұсақталады. Сынықтар қалған ұлулардың ішіне енгізіледі. Міне, үш жыл өткен соң біз "өнімді" алуға бел байладық", - деп биолог Алексей Замковтың сөзін мәлімдеді "Экспресс К" газеті.

Астана. 9-тамыз. Kazakhstan Today - Астанада ынтагерлер тобы Есіл өзенінен тұңғыш рет інжу алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз қала маңына 60 інжу-бақалшықты арнайы торға салып қойғанбыз. Идісі қарапайым. Устрицаның бірінің бақалшығы майда бөліктерге ұсақталады. Сынықтар қалған ұлулардың ішіне енгізіледі. Міне, үш жыл өткен соң біз "өнімді" алуға бел байладық", - деп биолог Алексей Замковтың сөзін мәлімдеді "Экспресс К" газеті.

Ғалым атап өткендей, бақалшақтың ішінде доғал формалы дұрыс інжулер пісіп шыққан.

Оның айтуынша, бұл үлкен жаңалық. Себебі, бұған дейін Қазақстанда інжу өсірілмеген. Жылтырау сапасы жағынан өзен інжуі теңіз інжуінен сәл ғана артта және формасының дұрыс еместігінен бес-алты есе арзан.

"Қытайда өзендерде інжуді өсірумен өнеркәсіптік масштабта айналысады. Мәселен, провинциялардың бірінде жыл сайын қымбат материалдың бір жарым мың тоннасын алады. Бұл кәсіп миллиондаған доллар пайда алып келуде. Мәселен, біздің моншақтарымыздың базардағы бағасы шамамен үш мың теңге. Егер бізде өзен аумағы мен 10 мың тірі ұлулар болса, ғажап болар еді. Биологтар сенімді инвестор болса, технологиямен бөлісуге дайын екендерін жеткізді", - деді Алексей Замковой.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны