15.10.2018, 15:02 6025

Астанада "JasQalam" жастар жобасы қорытынды форумы өтті

Бұл шараныӊ алдында Алматы, Тараз және Семей қалаларында форумдар топтамасы өткізілді. Өӊірлерде өткізілген форумдарға 500-ден аса жастар қатысты.

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандық журналистиканы дамытуға, жас журналистердіӊ кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған кеӊ ауқымды "JasQalam" жастар жобасы өз мәресіне жетті. Жобаны ұйымдастырушылар: ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қоры мен Қазақстан жастарыныӊ конгреcсі. Назарбаев орталығында осы жобаны қорытындылаушы форум өтті. Бұл шараныӊ алдында Алматы, Тараз және Семей қалаларында форумдар топтамасы өткізілді. Өӊірлерде өткізілген форумдарға 500-ден аса жастар қатысты. Танымал журналистер отандық бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ танымал өкілдері қатысушыларға арнап шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізді. Форумдарға қатысу жастардыӊ елдегі бұқаралық ақпарат құралдары туралы ой-өрістерін кеӊейтуге, кәсіби бағыттарын анықтауға ықпал етті.

Бүгінгі форум 14 пен 29 жас аралығындағы 100-ден аса жастыӊ басын қосты. Олардыӊ қатарында қазіргі журналистер,журналистика факультетініӊ студенттері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытатын басқа да жастар болды. Қатысушылардыӊ басын журналистика трендтерін, телевизиялық және баспа материалдарын сапалы берудіӊ әдістері мен тәсілдерін білсем деген бір ғана тілек біріктірді.

Бұл туралы танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлерініӊ, өз ісініӊ майталмандарыныӊ ауыздарынан есту - қызықтыратын барлық сұрақтардыӊ жауабын білуге деген тамаша мүмкіндік.

Форум жұмысына ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ директоры, ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ төрағасы Дариға Назарбаева, ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, "Қазақстан" телеарнасыныӊ директоры Еркін Мұхамеджанов, "ATAMEKEN BUSINESS" телеарнасыныӊ бас директоры Қанат Сахариянов, "7 арна" телеарнасыныӊ бас продюсері Нариман Қойшыбаев, "Егемен Қазақстан" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, "Казконтент"АҚ Басқарма төрағасы Думан Қожахметов, "ҚазАқпарат" ХАА бас директоры Асқар Омаров қатысты.

Форумды ашқан Дариға Назарбаева: "Жас қалам" - шараға қатысушыларға қоғамдық-саяси және экономикалық қызметті жариялау жөніндегі журналистік қызметтіӊ тәжірибелерімен бөлісуге, жұмыс түрлері мен құралдарын, жас журналистердіӊ ақпарат алмасу тиімділігін арттыру мәселелерін талқылауға, журналистикадағы ақпараттық технологияларды дамытуға мүмкіндік туғызатын платформа.Бұл жоба қатысушылардыӊ журналистика саласында дамуына жол ашады. Журналист болу - көпті көру, көп тыӊдау және әр отандасымызға өз заманыныӊ шындығын жеткізе білу", -деп атап өтті.

Ол осындай жобаларды жүзеге асырудыӊ арқасында жас мамандар қажетті білім алып, Қазақстанныӊ бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға өз үлестерін қосатын, біліктілігі жоғары маман атанатындарына сенім білдірді.

Шақырылған спикерлердіӊ әрқайсысы бұқаралық ақпарат құралдарындағы өз тәжірибелері, кәсіби байқаулары туралы айтты. Исіресе өз ісін енді бастаған журналистердіӊ жіберетін қателіктеріне баса назар аударды.

Форум жұмысы оған қатысушылардыӊ әрқайсысы мазалап жүрген сұрақтарын қойып, көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісе алатындай етіп құрылған.

"Jas Qalam" жобасыныӊ аясында жас журналистердіӊ форумын өткізу түрін анықтағанда көлемді екіжақты кездесулердіӊ болуын және олардыӊ қызықсыз дәрістерге ұқсамауын ескердік. ҚР Тұӊғыш Президенті Қорымен бірлесіп спикерлерді, тақырыптар мен талқыланатын бағыттарды мұқият таӊдадық", - деді "Қазақстан жастарыныӊ Конгресі" ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

ҚР Тұӊғыш Президенті Қорыныӊ Жас журналистерге, БАҚ қызметкерлеріне қолдау көрсетуі "Jas Qalam" жобасын жүзеге асырумен ғана шектелмейтінін атап өту қажет. Қор күндерініӊ аясында ел өӊірлерінде PR және SMM бойынша тренингтер ұйымдастырылды.

Журналистер мен баспасөз қызметі қызметкерлерініӊ үлкен кездесуі қыркүйек айында Назарбаев орталығында ұйымдастырылды. Кездесудіӊ құрметті қонағы мен спикері "Московский комсомолец в Турции" (Москва/Стамбул) интернет-басылымыныӊ бас редакторы Яшар Ниязбаев болды.

Сонымен қатар, ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ Қоры мен Кітапханасы тәуелсіздік жылдарында елдіӊ жеткен жетістіктерін, қазақстандық мемлекеттіліктіӊ негізі ретінде Елбасыныӊ идеялары мен бастамаларын жарыққа шығаратын үздік журналистерді анықтауды көздейтін "Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы" атты дәстүрлі шығармашылық конкурсын жариялады.Желтоқсан айында осы байқаудыӊ жеӊімпаздары анықталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны