19.06.2014, 19:42 3564

Астанада қала күніне орай Иуе жыландары фестивалі өтеді

Иуе жыландарының алғашқы фестивалі - Астананың 16 жылдығын мерекелеу күндері қала тұрғындарына тамаша тарту, шаралар бағдарламасын түрлендіретін ерекше оқиға болмақ.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. Иуе жыландарының алғашқы фестивалі - Астананың 16 жылдығын мерекелеу күндері қала тұрғындарына тамаша тарту, шаралар бағдарламасын түрлендіретін ерекше оқиға болмақ.

Мереке жасыл экономика ұстанымдарын қолдауға бағытталған. Жыландар бамбуктен және 100 пайыз қайта өңделетін қағаздан жасалмақ, деп қала күнінің 16 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру медиа-штабынан хабарлады.

Иуе жыландары фестивалінде Астана тұрғындары мен қонақтарына әуе жылдандарын басқару өнерін дәріптейтін аталмыш спорт түрінен халықаралық чемпиондар өнер көрсетеді.

Астана тұрғындары мен қонақтары таза ауада жыландар биіне қанығып қана қоймай, фестивальға өздері де қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ әуе жылдандарына құштар шетел клубтарының өкілдерімен арнайы әзірленген шоу-бағдарламаны тамашаламақ.

Арнайы шатырларда кез-келген қатысушы қалаған жыландырын арнайы нұсқаушылар көмегімен жасап, ұшыра алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны