11.10.2011, 15:29 3736

Астанада Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Жәрмеңке бүгін және ертең Өңірлердің мәдениет күндері аясында қалалық әкімшілік ғимараты алаңында өтеді.

Астана. 11-қазан. Kazakhstan Today - Астанада Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәрмеңке бүгін және ертең Өңірлердің мәдениет күндері аясында қалалық әкімшілік ғимараты алаңында өтеді.

Жәрмеңкеде 99 сауда шатыры тігілген, оның ішінде 2 шатыр қымыз бен бауырсақ фестиваліне арналыпты. 9 шатырда «Шеберлер қаласы» көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Онда зергерлердің, киіз бен қыш тақта шеберлерінің, қызыл ағаштан жиһаз жасаушылардың қолөнер бұйымдары халық назарына ұсынылған. Сонымен қатар жәрмеңкеде 500-ге тарта әртіс өнер көрсетуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны