20.07.2012, 15:10 3457

Астанада "Қараөткел-2012" жәрмеңкесі өтіп жатыр

Шараның ашылу салтанатына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, "ҚазАгро" ұлттық холдингінің басшылары мен аймақ жетекшілері қатысты.

Астана. 20-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Үкімет басшысының қатысуымен Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені жетістіктерінің 6-республикалық "Қараөткел-2012" жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шараның ашылу салтанатына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, "ҚазАгро" ұлттық холдингінің басшылары мен аймақ жетекшілері қатысты.

"Халқының жартысына жуығы ауылда тұратын Қазақстан үшін агроөнеркәсіптік кешен экономиканың ең маңызды саласы болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қамқорлығы арқасында Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған әлемдік державалардың қатарына қосылды. Оған бүгінгі жәрмеңкедегі өнімдер куә. Жәрмеңке мамандардың өзара қарым-қатынасына, аймақаралық байланыстардың нығаюына, тауар айналымының өсуіне зор ықпал етеді", - деді К. Мәсімов.

"Қараөткел-2012" Қазақстанның АӨК жетістіктерінің жәрмеңкесі "Metro" сауда орталығының аумағында 6-шы мәрте меймандарды тоғыстырып отыр. Жәрмеңке-көрменің тақырыбы ауылшаруашылық өнеркәсібінің барлық құрамдас бөлігін қамтиды. Соңғы жылдардың жаңашылдықтары әрі нарықты бағындырған өнімдерді жәрмеңке-көрмеге қатысатын компаниялар экспозициялар мен тұсаукесерлерде ұсынады. Оған 300-ге тарта кәсіпорын қатысуда.

Шараға барлық облыстар атсалысуда. Олар үздік ауылшаруашылық және қайта өңдейтін кәсіпорындарының өнімдерін қойып отыр.

Экспозияның мақсаты өңірлерде жүзеге асырылған ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының нәтижесін кешенді түрде паш ету. Еліміздің әр облысының қаржылық, экономикалық, ұлттық және аумақтық ерекшеліктері назарға ұсынылмақ.

Ұйымдастырушылар меймандар үшін мамандырылған семинарлар мен тұсаукесерлер өткізуді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны