08.12.2012, 10:34 2156

Астанада қараша айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 170 теңгені құрады

Астаналықтардың қараша айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 мың теңге шамасында болды, деп хабарлады Астана қаласының Статистика департаментінен.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада қараша айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 170 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астаналықтардың қараша айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 мың теңге шамасында болды, деп хабарлады Астана қаласының Статистика департаментінен.

Елордада ең төмен күнкөрістің орташа деңгейі өткен аймен салыстырғанда 10,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар өткен 2011 жылдың қараша айымен салыстырғанда 9,7%-ға ұлғайып отыр. Қазіргі кезде ол 19 170 теңгені құрайды. Бұл туралы Астана қаласының Статистика департаменті мәлім етті.

Ең төменгі күн көріс деңгейіне ет пен балық (24,5%), сүт өнімдері, майы аз өнімдер мен жұмыртқа (15,6%), жеміс пен көкөніс (10,4%), нан өнімдері мен жарма өнімдері (7,6%), қант, шай, дәмдеуіштер (1,9%) сатып алу шығындары енгізілген, - делінген таратылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны