30.05.2012, 10:04 2753

Астанада кәріз құдықтарының ұрланған қақпақтарын іздеп-табу үшін металл қабылдау бекеттері тексерілуде

Бұл туралы өзінің жеке блогында тұрғындардың сауалына жауап берген қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Астанада кәріз құдықтарының ұрланған қақпақтарын іздеп-табу үшін металл қабылдау бекеттері тексерілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы өзінің жеке блогында тұрғындардың сауалына жауап берген қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

"Сәлеметсіз бе! Мен сайтқа "Нұрай" балабақшасының маңындағы ашық құдықтар туралы бірнеше мәрте жазған болатынмын. Коммуналдық қызметтер шара қолданды, дегенмен, бірнеше ай өтісімен олар қайта ашық күйінде жатыр", - деп жазған қала тұрғыны әкімге.

"Қазіргі уақытта біз барлық люктарды қалпына келтірдік. Олардың бүтіндігін сақтау үшін коммуналдық қызметтер мен Астаналық ІІД-нің патрульдік қызметі тарапынан жіті қадағалау қажет. Онымен қоса, мен құзыретті құрылымдарға коммуналдық құдықтардың ұрланған қақпақтары өткізілетін металлдарды қабылдау бекеттеріне шұғыл іс-шаралар өткізуді тапсырдым. Осыған ұқсас жағдайлардың тәжірибесі көрсеткендей, бұл анағұрлым тиімді нәтижелер береді, - деп жауап берді хатқа И.Тасмағамбетов.

Анықталғандай, бұл әкімнің атына аталмыш мәселемен келіп түскен жалғыз хат емес. Промышленный кентінің тұрғыны мектеп жанындағы ашық құдыққа алаңдаушылық білдірген.

Қала басшысы өзінің жауабында кәріз құдығының ашық жатқандығын растады және Алматы ауданының әкімі Сапар Ахметовке елді мекендегі жағдайды бақылауға алуды және азаматтардың шағымдарына жіті назар аударуды тапсырғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны