17.09.2015, 10:36 4085

Астанада кассир қызды тепкілеген "каратист" жігіт аяқ-асты есінен адасты

Астанада кассир қызды тепкілеген "каратист" жігіт аяқ-асты есінен адасты! Шенеуніктіӊ тентек ұлы Қуаныш Турагелдиев өзін ақтайтын басқа себеп таппай, сол күні не болғанын өзім де білмеймін деп отыр

Астана. 17 Қыркүйек. Kazakhstan Today -Астанада кассир қызды тепкілеген "каратист" жігіт аяқ-асты есінен адасты! Шенеуніктіӊ тентек ұлы Қуаныш Турагелдиев өзін ақтайтын басқа себеп таппай, сол күні не болғанын өзім де білмеймін деп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Яғни, қатты ашуға булығып, бойжеткенге қалай аяқ көтергені есінде жоқ екен. Кинотеатрдағы бармен қыздыӊ сатқан сусынын жақтырмай жұдырық сілтеген бай баласы қазір тергеу изоляторында жатыр, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

22 жастағы жігіттіӊ премьер-министр кеӊсесініӊ бас инспекторы Болат Тұрагелдиевтыӊ ұлы екенін айта кетейік. Елдіӊ жағасын ұстатқан оқиға Бас прокуратура да қатаӊ бақылауында. Лауазымды атқамінердіӊ ұлы болса да жазадан құтылмайды деп сендірді олар.

Естеріӊізге сала кетейік, оқиға 14 қыркүйек күні Астананіӊ ірі СОСО бірінде орын алған. Кинотеатрдағы бейнебақылау камерасында түсірілген видеодан байқағанымыздай, ашулы клиент алдымен сатушы қызға стақан лақтырып, қыздан сондай жауап алғаннан кейін жақтаудан секіріп түседі де, қыз баланы тепкініӊ астына алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны