25.07.2016, 19:06 5080

Астанада "Қауіпсіз жол" акциясы өткізіліп жатыр

Жергілікті полиция қызметі мен Астана қаласыныӊ Ішкі істер департаментініӊ қызметкерлері жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсартуға және жол-көлік оқиғаларыныӊ санын азайтуға бағытталған бірқатар рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Астана. 25 шілде. Kazakhstan Today. Жергілікті полиция қызметі мен Астана қаласыныӊ Ішкі істер департаментініӊ қызметкерлері жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсартуға және жол-көлік оқиғаларыныӊ санын азайтуға бағытталған бірқатар рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Рейдтер барысында көлікті алкогольдік немесе есiрткiлік мас күйде басқару, қарсы қозғалыс жолына шығу, жаяу жүргіншілер өткелінен өту, қауіпсіздік белбеуін тақпау, сондай-ақ, жол жүру кезінде ұялы телефонмен сөйлесу сияқты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау және жолын кесу жоспарланған. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердіӊ жол жүру ережесін сақтауына баса назар аударылатын болады.

Жедел алдын алу шарасы барысында жол үстіндегі тәртіпті қадағалауға Жергілікті полиция қызметі мен Астана қаласыныӊ ІІД әкімшілік полициясы аппараты қызметкерлері тартылып, патрульдік нарядтар саны ұлғайталады.

"Қауіпсіз жол" акциясы 27 шілдеге дейін жалғасады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада жол-патрульдік полициясы 77 мыӊнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайын тіркеген, соныӊ ішінде жүргізушілер 70 мыӊнан артық бұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ, жеті мыӊға жуық жаяу жүргінші жолдан қауіпсіз өту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны