30.10.2018, 14:43 5935

Астанада қауіпсіздік саласында ынтымақтастыққа қатысты сын-тегеуріндер мен тәсілдемелер бойынша халықаралық конференция өтті

Іс-шара ЕҚЫҰ-ныӊ Астанадағы Бағдарламалар офисі, Фридрих Эберт атындағы қор және Халықаралық қатынастар бойынша қазақстандық кеӊеспен бірлесіп, Мемлекеттік басқару академиясыныӊ Дипломатия институты және "Қоғамдық пікір" зерттеу институтыныӊ қолдауымен ұйымдастырылды.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today -ЕҚЫҰ Астанада қауіпсіздік саласында ынтымақтастыққа қатысты сын-тегеуріндер мен тәсілдемелер бойынша халықаралық конференция ұйымдастырады.

Орталық Азиядағы аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктіӊ жаӊа сын-тегеуріндері мен тәсілдемелері 2018 жылы 26 қазанда ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада өткен халықаралық конференцияныӊ басты тақырыбы болды.

Іс-шара ЕҚЫҰ-ныӊ Астанадағы Бағдарламалар офисі, Фридрих Эберт атындағы қор және Халықаралық қатынастар бойынша қазақстандық кеӊеспен бірлесіп, Мемлекеттік басқару академиясыныӊ Дипломатия институты және "Қоғамдық пікір" зерттеу институтыныӊ қолдауымен ұйымдастырылды.

Конференцияныӊ мақсаты қауіпсіздік проблемаларын шешу жолында ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерден мүдделі тараптар арасындағы диалогты ынталандыру болды. Конференция барысында ЕҚЫҰ мен Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеӊейту жолдарына, терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен радикалдануға жастарды тартуға қарсы әрекет етуге, Интернетті террористік мақсаттарда пайдалануға қарсы тұруға және шетелдік террористік жауынгерлерді оӊалтуға және қайта интеграциялауға ерекше көӊіл бөлінді.

ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалық офисініӊ басшысы Дьердь Сабо былай деді: "ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттер арасындағы ғана емес, сондай-ақ институттар арасындағы ынтымақтастыққа өсіп келе жатқан қауіпсіздік сын-тегеуріндерін шешуде жаӊа идеялар мен одан әрі серіктестіктіӊ жоспарларын дайындау мақсатымен ықпалдастық етеді".

Қазақстан және Өзбекстандадағы Фридрих Эберт атындағы қордыӊ өӊірлік директоры Хенриетте Кифердіӊ айтуынша: "ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердіӊ арасындағы келіспеушіліктердіӊ өсуі кезінде, прогреске ынтымақтастық арқылы ғана қол жеткізуге болатын жалпы мәселелер бойынша диалогты жалғастыру маӊызды. Бүгінгі іс-шара жастардыӊ радикалдануы мен террористік мақсаттарда Интернетті пайдалану мәселелеріне байланысты сын-тегеуріндерді талқылауға мүмкіндік береді. Осы салаларда ынтымақтастық ете отырып, біз сенімді нығайтып, өӊіріміздіӊ тұрақты және бейбіт дамуын қамтамасыз етуге көмек бере аламыз".

Халықаралық қатынастар бойынша қазақстандық кеӊестіӊ төрағасы Ерлан Карин: "Таяу Шығыстағы қақтығыс радикалдандырудыӊ жаӊа аспектілерін анықтады. Егер осы уақытқа дейін жауынгер ерлерге ерекше көӊіл бөлінсе, бүгінгі күні әйелдер мен балаларды радикалды істерге тарту мәселесі және олардыӊ одан әрі әлеуметтенуініӊ проблемасы шығып тұр. Сондықтан бұл мәселе сарапшылардыӊ, мемлекеттіӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ назарында болуы керек", - деп атап өтті.

Іс-шараға 100-ге жуық мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық және қоғамдық ұйымдардыӊ, стратегиялық зерттеулердіӊ ұлттық институттары, аналитикалық және ғылыми-зерттеу орталықтарыныӊ өкілдері, сондай-ақ Ауғанстан, Болгария, Германия, Венгрия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, АҚШ және Өзбекстаннан келген халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференция ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисініӊ ЕҚЫҰ-ныӊ барлығын қамтитын қауіпсіздіқ тәсілдемесініӊ барлық үш өлшемінде диалог пен аймақтық ынтымақтастыққа ықпалдастық ету жолындағы, сондай-ақ қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді шешу үшін шығармашылық шешімдер іздеуде сарапшыларды тарту жөніндегі жұмысыныӊ бөлігі болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны