03.09.2015, 22:39 4197

Астанада Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы "Қазақ Елі" монументініӊ алдындағы алаӊда өтеді

11-13 қыркүйек аралығында "Қазақ Елі" монументініӊ алдындағы алаӊда үлкен этноауыл ашылады. Қазақстанныӊ барлық өӊірлерініӊ қатысуымен халықтық серуен ұйымдастырылады

Астана. 3 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығын мерекелеу аясында Астанада ауқымды мәдени шаралар өтеді. Басты салтанатты шара "Қазақ Елі" монументініӊ алдындағы алаӊда өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

11-13 қыркүйек аралығында "Қазақ Елі" монументініӊ алдындағы алаӊда үлкен этноауыл ашылады. Қазақстанныӊ барлық өӊірлерініӊ қатысуымен халықтық серуен ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- Республикамыздыӊ әрбір өӊірі елорда тұрғындары мен қонақтарыныӊ назарына үздік хореографиялық ұжымдардыӊ, этнографиялық ансамбльдердіӊ, халық және эстрада жанрлары солистерініӊ қатысуымен бір жарым сағаттық мәдени бағдарлама ұсынады, - деді Астана қаласы Мәдениет басқармасыныӊ басшысы Болат Мажағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.

"Қазақ Елі" алаӊында 50 киіз үй тігіледі, екі үлкен сахна, спорттық алаӊдар, алтыбақандар, тайқазандар және т.б. орнатылады. Этноауылда ұлттық спорт түрлерінен, атап айтқанда, қазақ күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақтан жарыстар өтеді. Мерекелік шаралар бағдарламасына сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнердіӊ көрме-жәрмеӊкесі, халық шеберлерініӊ шеберлік дәрістері, үздік шығармашылық ұжымдардыӊ концерттері, сонымен қатар, қазақстандық эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен гала-концерт енгізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны