30.06.2010, 11:08 3162

Астанада "Қазақпарат" тілшілеріне қарыз жалақы жартылай төленіп, тілшілер ереуілі тоқтады

Астанада "Қазақпарат" тілшілеріне қарыз жалақы жартылай төленіп, тілшілер ереуілі тоқтады

Астана. 30-маусым. Kazakhstan Today Астанада "Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" Ұлттық компаниясы" АҚ тілшілеріне төленуі тиіс жалақы жартылай төленіп, тілшілер ереуілдерін тоқтатты. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Астанадағы "Қазақпарат" қызметкерлерінің бірі хабарлады.

"Бүгін (29-маусым Агенттік ескертпесі) бізге сәуір және мамыр айларының айлық жалақысын төледі. Ертеңнен бастап біз жұмысқа шығамыз", - деп хабарлады агенттік қызметкері.

Ол жалақы қарызы тек тілшілер мен бірнеше редакторға ғана төленгенін жеткізді. Ал "Қазақпараттың" қалған қызметкерлеріне айлық жалақыны осы аптаның соңына дейін төлеуге уәде берілді.

Бұл ретте, алматылық тілші хабарлағандай, Алматы қаласындағы кеңсеге әлі де ақша төленбеген.

Естеріңізге сала кетсек, 25 маусым, жұма күні "Қазақпарат" ақпараттық агентігінің тілшілері жалақыларын төлеуді талап етіп, ереуілге шыққан болатын.

"Біз, Астана тілшілерінің баршасы, жұмысқа шықтық, бірақ тапсырмаларға бармаймыз",- деп хабарлаған агенттік тілшісіне берген сұхбатында "Қазақпарат" агенттігінің қызметкері.

Ол сондай-ақ, "арыздың астына 20 шақты адам қол қойып, басшылыққа, яғни, "Қазақпараттың" басқарма төрағасына табыс еткендіктерін нақтылап өткен еді.

"Арызда, жалақының кешіктірілуіне байланысты біз бүгін жұмысқа шықпаймыз, және де жалақы төленбейінше жұмыс істемейміз, деп айтылған",- деп атап көрсеткен "Қазақпарат" агенттігінің қызметкері.

Оның айтуынша, қызметкерлерге 2 айдан бері сәуір және мамыр айларының жалақылары төленбеген.

Сонымен қатар, ол арыздың астына "үкіметтік сайттың қызметкерлерінің де қол қойғандығын" хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны