Система Orphus

Астанада "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысыныӊ белсенділері "Қазақстанда жасалған" республикалық акциясын бастады.

16.02.2015, 17:48 2461

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін, 16 ақпанда, Астанада "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысыныӊ белсенділері "Қазақстанда жасалған" республикалық акциясын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы 11 ақпанда өткен Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырған болатын. Онда Елбасы "Қазақстанда жасалған" жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынған еді. Акция барысында сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдер көзге бірден түсердей ерекше көрсетіліп қойылады. Отандық өндірушілердіӊ тауарын сатып алғысы келетін азаматтарға бұл өте қолайлы. "Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздіӊ, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік", деген болатын Мемлекет басшысы.

Ел Президентініӊ үндеуінен кейін "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысыныӊ белсенділері бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастап кетті. Қоғамдық ұйымныӊ акция өткізу туралы ұсынысын алғашқылардыӊ бірі болып "А2" супермаркеттер желісі қолдап, дүкендерініӊ бірінде "Қазақстанда жасалған" акциясы бастау алды.

Отандық өндірушілердіӊ өнімдері орналасқан сауда сөрелерініӊ тұсына "Қазақстанда жасалған" деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар қойылды. Бұл қазақстандық өнімді ерекшелеп, сатып алушылар үшін тартымдылығын арттырады.

"Жылдар бойы еліміз мені және мен сияқты мыӊдаған қазақстандықтарды қолдап келді. Жоғары білім алып, біліктілігімізге сай көӊілге қонымды жұмыс таптық, отбасын құрып, қуанышқа бөлендік. Қазақстанымызға, елімізге қолдау көрсететін кезек ендігіде бізге келіп отыр. Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еӊбек етіп жүрген мыӊдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздіӊ арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердіӊ еӊбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз", - деді, "Қазақстан 2050" Жалпыұлттық қозғалысы Кеӊесініӊ төрағасы Данат Жұмин.

Бүгінде белсенділер еліміздегі барлық ірі сауда желілерімен келіссөздер жүргізуде. "Қазақстанда жасалған" деген жазуы бар белгілерді бүкіл қазақстандықтар жуық арада көреді деген сенімдеміз.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны