15.10.2018, 14:44 4704

Астанада "Қазақстан әйелдерініӊ ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қосқан үлесі" атты ауыл әйелдерініӊ І форумы өтеді

Ағымдағы жылдыӊ 8-9 қарашасында Астана қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ Қарарына сәйкес жыл сайын 15 қазанда аталып өтетін халықаралық ауыл әйелдері күніне арналған

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстан әйелдерініӊ ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қосқан үлесі" атты ауыл әйелдерініӊ І форумына дайындық шаралары бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Ағымдағы жылдыӊ 8-9 қарашасында Астана қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ Қарарына сәйкес жыл сайын 15 қазанда аталып өтетін халықаралық ауыл әйелдері күніне арналған "Қазақстан әйелдерініӊ ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қосқан үлесі" атты ауыл әйелдерініӊ бірінші форумы өтеді. Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық мұражайы. Форумды ұйымдастырушылар: "Жасыл" экономиканы және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ЗТБ, "EXPO&WOMEN" ХҰ" ЗТБ.

Теӊ ұйымдастырушы: Еуропа қайта құру және даму банкі.

Президенттіӊ Қазақстан халқына "Қазақстанныӊ Үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" (2017 ж.), "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" (2018 ж.) Жолдауларында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы экономиканыӊ жаӊа драйвері болуы тиіс агроөнеркәсіп секторыныӊ рөлін күшейтуге баса назар аударылған. Республикада ауыл халқы 42,5% - ды құрайды, оныӊ жартысынан астамы-әйелдер және олардыӊ ауылдық аумақтарды дамытудағы рөлі айтарлықтай.

Форум Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда әйелдердіӊ жетістіктері мен үлесін көрсету үшін платформа құру, сондай-ақ әйелдерді ынталандыру, оларды жасыл экономикаға тарту, Органикалық Ауыл шаруашылығын және ауылдағы жұмыспен қамтудыӊ түрлі нысандарын енгізу мақсатында өткізіледі. Форум спикерлері ретінде ҚР Парламентініӊ депутаттары, облыс және ауылдық округ әкімдері, Нұр Отан партиясыныӊ, ҚР салалық министрліктерініӊ, ҚР Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясыныӊ, Дүниежүзілік ауыл әйелдері қауымдастығыныӊ, Халықаралық ұйымдардыӊ, даму институттарыныӊ өкілдері, бизнес тренерлер, АӨК және фермерлік шаруашылық саласындағы бизнес басшылары, жетекші ҮЕҰ өкілдері шақырылды. Форум жұмысына облыс делегациялары қатысады, олар 10-11 адамнан келесі санаттар бойынша құрылған: Ийел - аудан немесе ауылдық округ әкімі; Ийел - фермерлік шаруашылық (отбасылық фермерлік шаруашылық) басшысы; Ийел - сервис саласындағы ШОБ басшысы; Ийел - ЖҚШ басшысы; Ийел - әлеуметтік бюджеттік ұйым басшысы; Ийел - аудандық ХҚКО басшысы; Ийел - ауылдық мектеп немесе колледж басшысы; Ийел - ауылдық ҮЕҰ өкілі; Ийел - агроөнеркәсіптік кешен саласындағы "жасыл" көшбасшы; Ийел-жастар көшбасшысы, ауыл шаруашылығындағы жас кәсіпкер; Ийелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияныӊ хатшысы. Тұжырымдамаға сәйкес форумныӊ бірінші күні бір пленарлық, төрт стратегиялық және бір қорытынды стратегиялық сессияны қамтиды. Форумныӊ екінші күні "Қазақстан әйелдерініӊ ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға қосқан үлесі" атты қорытынды пленарлық отырысы, сондай-ақ "Coca-Cola белестері" республикалық конкурсыныӊ жеӊімпаздарын марапаттау рәсімі, "Меніӊ жетістігімніӊ тарихы" номинациясы лауреаттарыныӊ сөз сөйлеуі, форум делегаттарын марапаттау рәсімі өтеді, сонымен қатар қорытынды баспасөз конференциясы жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны