28.04.2018, 01:10 4908

Астанада Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтарыныӊ II халықаралық конгрессі өтеді

Конгресс аясында II Қазақстан-Израиль симпозиумы және "Жеке анестезиология және отадан кейінгі кезеӊ" тақырыбында дипломнан кейін білім берудіӊ еуропалық мектебініӊ 6-курсы өткізіледі.

Астана. 28 сәуір. KazakhstanToday - 2018 жылғы 28-30 сәуір күндері Астанада Қазақстан анестезиологтары мен реаниматологтарыныӊ II халықаралық конгрессі өтеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов ашатын конгресс жұмысына АҚШ, Израиль, Беларусь, Италия, Польша, Норвегия, Өзбекстан, Ресей сияқты алыс және жақын елдердіӊ жетекші ғалымдары мен мамандары қатысады.

Конгресте озық медициналық технологиялар, медициналық көмек сапасы мен қауіпсіздігініӊ халықаралық стандарттарын енгізу арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердіӊ кеӊ ауқымын ұсыну мүмкіндіктері талқыланады.

Конгресс аясында II Қазақстан-Израиль симпозиумы және "Жеке анестезиология және отадан кейінгі кезеӊ" тақырыбында дипломнан кейін білім берудіӊ еуропалық мектебініӊ 6-курсы өткізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны