14.04.2014, 19:23 5206

Астанада Қазақстан халқының бірлігі күні аясында 35-тен астам мерекелік іс-шара өтеді

Жақын арада елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі атап өтіледі. Бұл күндері Астанада барлық негізгі алаңдарда 35-тен астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Жақын арада елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі атап өтіледі. Бұл күндері Астанада барлық негізгі алаңдарда 35-тен астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Басты іс-шаралардың бірі - 18 сәуірде Бейбітшілік және Келісім сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы.

Сондай-ақ, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қалалық шығармашылық ұжымдардың және ұлттық мәдени орталықтардың қатысуымен Қазақ елі алаңында мерекелік концерт, халықтық серуен ұйымдастырылады, деп Астана қаласының әкімдігінде хабарлады.

Бұдан басқа, Астанада 1 мамыр мейрамы қарсаңында М.Горький атындағы орыс драма театрында Қазақстан халқының достығы фестивалі, Қырғызстан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен Қырғызстан суретшілерінің көрмесі, мемлекеттік тілді меңгерген түрлі ұлыс өкілдерінің қатысуымен "Мемлекеттік тіл бізді біріктіреді" дөңгелек үстелі және мерекелік флэшмобтар өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны