09.09.2016, 10:37 3260

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Испаниядағы Азаматтық соғыстыӊ тарихы туралы көрме ашылды

Көрме Испанияныӊ өткен ғасырдағы қайғылы оқиғаларын, ондағы Азаматтық соғысты көрсетуге және испан балалары мен олардыӊ шиеленісті тағдырына арналған.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде "Соғыс балалары" атты көрменіӊ ашылу салтанаты өтті. Бұл көрмені Ұлттық музей Қазақстандағы Испания Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр, деп хабарлады Ұлттық музей.

Көрме Испанияныӊ өткен ғасырдағы қайғылы оқиғаларын, ондағы Азаматтық соғысты көрсетуге және испан балалары мен олардыӊ шиеленісті тағдырына арналған. 1936 жылдыӊ екінші жартысында Испанияныӊ Кастилия және Андалусиядағы қалаларынан Кеӊес Одағына 3000-дай испандық бала көшіріліп, оларға арналып 15 балалар үйі ашылған. Көрмеде негізінен осы балалардыӊ басынан өткен оқиғаларды бейнелейтін суреттер және құжаттар қойылды.

Жиында сөз алған Ұлттық музей директоры Дархан Мыӊбай келушілерді көрменіӊ ашылуымен құттықтады.

"Бүгінгі көрменіӊ тарихи мәні бөлек. Естеріӊізде болса, біз бұған дейін де әлемдегі адамзат өміріне қатты әсер еткен тарихқа көӊіл бөліп келеміз. Халокост құрбандарын еске алу күніне байланысты үлкен шара да осы музейде өткен болатын. Одан кейін біздіӊ өзіміздіӊ репрессия құрбандарын еске түсіру күніне арналған үлкен көрмелер болды. Ал енді бүгінгі көрме біздіӊ Испания Елшілігімен бірге жасап жатқан алғашқы шарамыз. Бұл екі елдіӊ арасындағы тығыз байланыстыӊ арқасында дүниеге келген іс-шара",- деді Д.Мыӊбай.

Көрменіӊ ашылу салтанатына арнайы келген Испания Корольдігініӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Педро Хосе Санс Серрано мырза елшілік атынан Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық музейіне алғыс білдірді.

"Испанияда 1934-1939 жылдар аралығында болған Азамат соғысы барша испандықтардыӊ тағдырына кері әсерін тигізді. Сол кезде шамамен 2900-дей бала Кеӊес Одағына көшірілген болатын. Ол балалар 5 пен 12 жас аралығында болған. Кеӊес Одағы оларды жылы қабылдап, баспанамен, киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Медициналық қызмет көрсетіп, сапалы білім де берді", - деп тарихқа шегініс жасады. Және де Ұлттық музеймен бірге жұмыс жасап жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

Аталмыш көрменіӊ түпкі мақсаты - кішкентай кездерінен-ақ соғыстыӊ сұрапыл зардабын көруге мәжбүр болған балаларды құрметпен еске алу. Испандық балалардыӊ қиындыққа толы тағдырына арналған көрме 8 қазанға дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны