06.12.2016, 17:30 3573

Астанада "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ында 7-ші Республикалық жастар форумы өтуде

Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "25 маӊызды қайырымдылық шарасы" акциясыныӊ қорытындысы шығарылады.

Астана. 6 желтоқсан. Kazakhstan Today - Астанада "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ында 7-ші Республикалық жастар форумы өтуде,- деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Жастар әлеуеті көлік логистикалық кешенін дамытуға жұмсалмақшы.

Форумға компаниядағы инновациялық білім тренингі, түрлі байқаулардыӊ іріктеу жарысынан оза шапқандар қатысуда.

Форумныӊ ашылу салтанатында сөз сөйлеген "ҚТЖ" ҰК" АҚ Корпоративтік қамту жөніндегі вице-президенті Эрик Имашевтыӊ айтуынша, Компанияда жастардыӊ ойларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіліп, кәсіби жетілуіне мол мүмкіндік жасалып келеді".

"ҚТЖ" ҰК" АҚ кадр әлеуетін дамытуда корпоративтік жастар саясаты жүйелі жүзеге асырылуда. Қазіргі таӊда білікті, талантты жас мамандардыӊ кадр қоры жасақталған.

"Компанияда жастардыӊ қажыр -қайраты көлік-логистикалық холдингті әлемдік деӊгейге көтеруге бағытталуы тиіс",-дейді Эрик Имашев.

Форум қатысушыларыныӊ алдында "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" басқармасыныӊ төрағасы Н. Өтешев, Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі министрліктіӊ Департамент директоры Ғ. Оспанқұлов сөз сөйледі.

Желтоқсанныӊ 8-іне дейін жалғасатын Республикалық жастар форумыныӊ бағдарламасы қызықты әрі танымдық жағынан бай.

Оған қатысушылар көлік логистикасыныӊ болашағы туралы біліп қана қоймай, түрлі тренингтер мен бизнес квестылардабақтарын сынайды. Жастар үшін ҚТЖ топ менеджерлерініӊ қатысуымен "Қазақстан темір жолы: даму векторы" интеллектуальдық ойындары, жетекші сарапшылардыӊ қатысуымен шеберлік сыныптары өткізіледі.

Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "25 маӊызды қайырымдылық шарасы" акциясыныӊ қорытындысы шығарылады.

Форумда көлік саласындағы үш ұрпақ өкілдерініӊ кездесуі жоспарланған.

Форумныӊ басты оқиғасы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ныӊ жылма жылғы көлік-логистикалық саласыныӊ 26 аталымы бойынша "Жас кәсіби маман-2016" 6-шы жастар сыйлығыныӊ иегерлері анықталып, марапатталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны