20.03.2012, 11:07 3385

Астанада Қазақстанда алғашқы студенттерге арналған тегін кинотеатр ашылды

Астанада Қазақстанда алғашқы студенттерге арналған тегін кинотеатр ашылды. "Қазақфильм" АҚ мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен жобасы ЕҰУ №5 студенттер жатақханасы базасында іске қосылған.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстанда алғашқы студенттерге арналған тегін кинотеатр ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада Қазақстанда алғашқы студенттерге арналған тегін кинотеатр ашылды. "Қазақфильм" АҚ мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлескен жобасы ЕҰУ №5 студенттер жатақханасы базасында іске қосылған.

Бүгін кинозалдың ашылуы өтіп, оған "Қазақфильм" АҚ Президенті Ермек Аманшаев, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, "Балалық шағымның аспаны" фильмінің кинорежиссері Рүстем Ибдіраш, сондай-ақ кинотаспада басты рөлдерді сомдаған актерлер Нұржұман Ықтымбаев пен Алмагүл Илішова қатысты.

"Бүгін біз тамаша оқиғаның куәсі болып отырмыз, өйткені бұл кинозал студенттер жатақханасында ашылып отыр", - деп атап өтті Е.Аманшаев.

Оның сөзіне қарағанда, студенттер кинотеатрында әлемдік киноленталар да көрсетіледі, алайда отандық картиналарға басымдық берілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны