24.06.2015, 09:15 3250

Астанада Қазақстандағы тұӊғыш балалар филармониясы ашылады

Астаналық талантты 20 бала биылғы жылдыӊ қыркүйегінде балалар филармониясыныӊ дайындық сабақтарына қатысады. Жас әртістер мюзиклдар мен опералар қойылымдарына қатысады. Кастинг сәуір айында өткізіліп, тыӊдауға 7-12 жас аралығындағы балалар келді

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Астаналық талантты 20 бала биылғы жылдыӊ қыркүйегінде балалар филармониясыныӊ дайындық сабақтарына қатысады. Жас әртістер мюзиклдар мен опералар қойылымдарына қатысады. Кастинг сәуір айында өткізіліп, тыӊдауға 7-12 жас аралығындағы балалар келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Балалар филармониясыныӊ көркемдік жетекшілері жас әртістер мен көрермендерді классикалық музыкамен таныстыру, көрермендерді театр өнеріне тартуды басты мақсат етіп отыр. Репертуарда қазақ және орыс тіліндегі шығармалар болады. Балалар филармониясыныӊ алғашқы қойылымы қазақстандық автор Жолан Дәстеновтыӊ "Қаӊбақ шал" операсы және В. Дашкевичтіӊ "Пеппи" мюзиклі болмақ, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

- Дарынсыз балалар жоқ, қолына музыкалық аспап алған балалардыӊ әрқайсысы музыканыӊ құдіретін түсінеді. Кім білсін, балалар филармониясыныӊ сахнадағы алғашқы қадамдары өмірлік үлкен жетістіктердіӊ бастамасы болар. Балалар филармониясы балаларымыздыӊ өмірініӊ әдемі кезеӊі болады. Шығармашылық дегеніміз - болашақты қазіргі уақытта жасау емес пе? - деді Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік филармониясыныӊ көркемдік жетекшісі, бас директоры Серік Ибдірахманов.

Көрермендер 2015 жылдыӊ 1 қыркүйегінде жас әртістердіӊ өнерін Конгресс-холл сахнасында тамашалайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны