16.03.2018, 23:27 4034

Астанада "Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" жобасыныӊ жеӊімпаздары туралы "Еліміздіӊ жаӊа есімдері" атты фотокөрме ашылады

Астанада "Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" жобасыныӊ жеӊімпаздары туралы "Еліміздіӊ жаӊа есімдері" атты фотокөрме ашылады

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Наурыздыӊ 17 мен 21 аралығында "Керуен" сауда ойын-сауық орталығында "Еліміздіӊ жаӊа есімдері" атты фотокөрме жұмыс жасайды. Іс-шара Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты үндеуі негізінде ұйымдастырылған "Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" жобасыныӊ аясында ұйымдастырылып отыр. Көрмеде аталған бәйгеніӊ жеӊімпаздарыныӊ суреттері мен оолардыӊ атқарған жұмысы мен өмірбаяны туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

Фотокөрме өткен жылы 1 желтоқсан күні "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасы жеӊімпаздарыныӊ басын біріктірген форумда, Елбасыныӊ жеӊімпаздармен кездесуі барысында көрсетілген болатын

Жоба мақсаты - тәуелсіз Қазақстанныӊ дамуына елеулі үлес қосқан бірақ халыққа танылмаған жаӊа есімдерді елге таныстыру және жетістікке жеткен өмірбаяндарын паш ету.

"Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасы бойынша халыққа кеӊінен танылмаған бірақ белгілі бір салада елеулі жетістіктерге жетіп, мемлекетімізідіӊ дамуына ауқымды үлес қосқан азаматтарды тауып, олардыӊ үлгі боларлық жұмысын дәріптеу мақсатында жүзеге асырылған. Бәйгеге еліміздіӊ түкпір-түкпірінен түрлі мамандық иелері қатысып, еӊ мықты деген 100 адам ашық онлайн дауыс беру арқылы іріктеліп алынған.

18 наурызда сағат 14:00 "Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" жобасыныӊ қатысушылары келіп өздерініӊ жобалары және келешек жоспарларымен бөліседі.

Жоба ұйымдастырушысы Ақпарат және коммункациялар министрлігі.

Көрмеге кіру тегін.

Ақпарат және коммункиацяилар министрлігі баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны