11.06.2018, 15:08 5662

Астанада "Қазақстанныӊ Азаматтық Альянсы" заӊды тұлғалар бірлестігініӊ конференциясы өтті

Конференция аясында Азаматтық Альянстыӊ даму перспективалары, атап айтқанда мемлекеттік органдармен іс-қимыл мәселелері, алдағы Қазақстанныӊ VIII Азаматтық форумына дайындық барысы, сондай-ақ, өӊірлердегі үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдерін алаӊдататын өзекті мәселелер талқыланды.

Астана. 11 маусым. Kazakhstan Today - 6 шілде күні Астанада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев пен Қазақстан Азаматтық Альянсыныӊ президенті Асылбек Кожахметовтіӊ қатысуымен "Қазақстанныӊ Азаматтық Альянсы" заӊды тұлғалар бірлестігініӊ конференциясы өтті.

Шараға өӊірлердегі азаматтық Альянстардыӊ басшылары және үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

Конференция аясында Азаматтық Альянстыӊ даму перспективалары, атап айтқанда мемлекеттік органдармен іс-қимыл мәселелері, алдағы Қазақстанныӊ VIII Азаматтық форумына дайындық барысы, сондай-ақ, өӊірлердегі үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдерін алаӊдататын өзекті мәселелер талқыланды.

Дархан Кәлетаев өз сөзінде, Азаматтық Альянс Қазақстандағы азаматтық секторды дамытудыӊ негізгі жылжытушы күші болып қала беретінін атап өтті.

"Бұл құрылым еліміздіӊ барлық өӊірлеріндегі үкіметтік емес ұйымдардыӊ белсенді және тәжірибелі көшбасшыларын біріктіре алады, сондай-ақ, қоғам, халықаралық ұйымдармен, бизнес және мемлекеттік органдармен бірлескен және тиімді жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ете алады, - деді Д. Кәлетаев.

Сонымен қатар, министр үкіметтік емес сектордыӊ тұрақтылық деӊгейін көтеру және үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы конструктивті байланысты орнату бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Бұдан бөлек, коммерциялық емес ұйымдардыӊ қызметі туралы Заӊ жобасыныӊ негізгі жаӊашылдықтарына тоқталып өтті.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстанныӊ Азаматтық Альянсымен бірлесе жүзеге асыру үшін бірқатар нақты бастамаларды ұсынды.

Атап айтқанда, Дархан Кәлетаев Азаматтық Альянсты мемлекет пен азаматтық қоғам институттарыарасындағы диалогтық алаӊдарды ұйымдастыратын негізгі серіктестердіӊ бірі ретінде көретінінатап айтты. Министр азаматтық қоғамды дамыту саласындағы заӊнаманы жетілдіру және азаматтық секторды дамыту жөніндегіЖол картасын іске асыру жұмыстарында Азаматтық Альянстыӊ әлеуетін барынша пайдалануды ұсынды.

Оныӊ пікірінше, Азаматтық Альянс қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардыӊ бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, жаӊа білім көздері мен құзыреттерін үйретуге бағытталған әдістемелік ортаға айналуы тиіс.

Бұдан бөлек, министр Қазақстанныӊ Азаматтық Альянсынмемлекеттік функцияларды бәсекеге қабілетті ортаға беру жұмыстарына,"Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ шеӊберіндегі Ағартушылық жобаны әзірлеу процесіне және жаӊа әлеуметтік бастамаларды түсіндіруге қатысуға шақырды.

Естеріӊізге сала кетейік, Қазақстанныӊ Азаматтық Альянсы Қазақстанныӊ 500-ден аса ҮЕҰ біріктіретін еӊ ірі республикалық үкіметтік ұйым болып табылады. Ұйымныӊ жүйелік құрылымдары еліміздіӊ 16 аймағында, оныӊ ішінде Астана мен Алматы қалаларында жұмыс жасайды. Азаматтық Альянстыӊ қызметі азаматтық ұстанымды дамытуға және қоғам, билік пен бизнес арасындағы тұрақты серіктестікті қалыптастыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны