16.03.2018, 23:29 4165

Астанада Қазақстанныӊ діни бірлестіктер өкілдерініӊ жиыны өтті

Діни бірлестіктердіӊ басшылары Президенттіӊ әлеуметтік бастамаларын қолдай отырып, бұл үндеуді Мемлекет басшысыныӊ тарихи шешімі ретінде мойындады және бұл бүкіл қазақстандық қоғамныӊ мүддесін ескеретін уақтылы, тұрақты, нақты, объективті екенін айтты

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылы 15 наурызда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанныӊ діни бірлестіктер өкілдерініӊ жиыны өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотыныӊ жанындағы Сот төрелігі академиясыныӊ кафедра меӊгерушісі Т.Қ.Бурбаев, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті директорыныӊ орынбасары А.О. Ахметов, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментініӊ басқарма басшысы м.а. Н.А. Шаймаханов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорыныӊ орынбасары Г.А. Сералин, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердіӊ басшылары және өкілдері қатысты.

Жиынныӊ күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтыӊ "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" атты үндеуі талқыланды.

Е. Оӊғарбаев өз сөзінде "Бес әлеуметтік бастама нақты мақсаттар мен анық көрсеткіштері бар нақты әлеуметтік бағдарлама. Елбасымыздыӊ бастамалары отандық экономиканыӊ нақты есептелген мүмкіндіктеріне негізделген, шынайы болып табылады", - деп атап өтті.

Діни бірлестіктердіӊ басшылары Президенттіӊ әлеуметтік бастамаларын қолдай отырып, бұл үндеуді Мемлекет басшысыныӊ тарихи шешімі ретінде мойындады және бұл бүкіл қазақстандық қоғамныӊ мүддесін ескеретін уақтылы, тұрақты, нақты, объективті екенін айтты.

Жиынныӊ қатысушылары халықтыӊ әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Елбасыныӊ бастамасын қолдады.

Астана шіркеуініӊ протоприесті Байдектіӊ айтуынша "Бес әлеуметтік бастамалар", ол бірінші кезекте конфессияаралық келісім мен бірлікке негізделген, біздіӊ тәуелсіз мемлекетіміздіӊ прогрессивті дамуыныӊ көрсеткіші болып табылады.

Сондай-ақ "Қазақстанныӊ діни бірлестіктерініӊ ассоциациясыныӊ" заӊды тұлғалар бірлестігініӊ басшысы А.В. Клюшев "Бес әлеуметтік бастама" - мемлекетті одан әрі әлеуметтік даму мен жаӊғыртуға бағыттайтын бағдарлама, мемлекеттіӊ әлеуметтік саясатыныӊ жаӊа деӊгейге шығуы. Илеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу қазақстандықтардыӊ өмір сүру сапасын жақсартатыны сөзсіз".

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстанныӊ діни бірлестіктер өкілдерініӊ жиыны атынан Наурыз мейрамын тойлауға байланысты Қазақстан халқына құттықтау хаты қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны