19.10.2018, 20:17 4839

Астанада қазақтыӊ көрнекті сазгері әрі қоғамдық қайраткері Төлеген Мұхамеджановпен кездесу өтті

Кездесу кезінде сазгер "Өмір өзені" атты жаӊа альбомын және еӊ ауқымды туындысы "Махамбет" симфониялық поэмасыныӊ партитурасын жұртшылыққа таныстырды.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Астанада қазақтыӊ көрнекті сазгері әрі қоғамдық қайраткері Төлеген Мұхамеджановпен кездесу өтті. Кездесу кезінде сазгер "Өмір өзені" атты жаӊа альбомын және еӊ ауқымды туындысы "Махамбет" симфониялық поэмасыныӊ партитурасын жұртшылыққа таныстырды. Классик өз туындыларыныӊ даналарын Астана, Павлодар және Қарағандыныӊ музыкалық білім беру мекемелерініӊ өкілдеріне сый ретінде тарту етті.

Төлеген Мұхамеджановпен кездесу Қазақстанда 18 қазан күні атап өтілетін Рухани келісім күні қарсаӊында ұйымдастырылды. Іс-шара аясында сазгер рухани мәдениет пен өнердіӊ маӊыздылығы жайлы ойларымен, жүзеге асырған жобалары мен шығармашылық жоспарларымен бөлісіп, АҚШ-тағы музыка саласындағы жұмыс тәжірибесі жайлы, атап айтқанда, кездесу кезінде таныстырылған "Өмір өзені" атты жаӊа албомы жайлы әӊгімелеп берді. Аталмыш CD-дисктіӊ мастерингін жасаумен Sterling Sound атты әлемдегі еӊ үздік дыбыс жазушы студиясы (АҚШ) айналысты.

"Бүгін мен ішінде сан алуан сезімдер мен оқиғаларды сыйдырған өз туындыларымен бөлісіп отырмын. Жер жүзін тербетіп, меніӊ қаным мен тәнімніӊ бір бөлшегі - музыка мен өлеӊ арқылы мен әлемге деген өз көзқарасымды білдірдім. Бұл туындылар шабытқа толы ма, жоқ па оған мен төреші емеспін, дегенмен, мен бір нәрсеге күмәнім жоқ: олардыӊ әрқайсысында меніӊ өмірімніӊ бір бөлшегін табуға болады", - деп атап өтті автор.

Өзініӊ 70 жылдық мерейтойына орай сазгер Мәскеудегі еӊ ежелгі "Музыка-П.И.Юргенсон" баспасында шығарылған еӊ ауқымды туындысы - "Махамбет" симфониялық поэмасыныӊ партитурасын жұртшылыққа таныстырды. 150 жылдық тарихы тереӊ бұл атақты баспада әртүрлі жанрдағы көптеген музыкалық туындылар, музыка тарихы жайлы кітаптар басып шығарылды. Дәл осы баспада А. Даргомыжский, М. Глинка, И. Стравинский, П.Чайковский, С. Рахманиновтыӊ шығармалары жарық көрген.

Сонымен қатар, Т. Мұхамеджанов 2018 жылы Мәскеуде Жан Луна деген лақап атпен шығарылған поэзиялық шығармалары мен прозасыныӊ екі томдығын, танымал әндері мен фортепианалық экспромттарыныӊ екі жинағын таныстырды.

Кездесуде музыкалық білім беру мекемелерініӊ, кітапханалардыӊ, мұражайлардыӊ өкілдері және сазгер шығармашылығын сүйетін қауым жиналып, оларға сазгердіӊ танымал әндері мен фортепианалық миниатюраларынан тұратын екі ноталар жинағы сый ретінде тарту етілді. Жинақтар әнқұмарлардыӊ өз үйінде музыка ойнауы үшін арналған, сондай-ақ, музыкалық оқу мекемелерініӊ студенттері оны оқу материалы ретінде қолдана алады.

Анықтама.

1992 жылы тұӊғыш рет Қазақстанда I Дүниежүзілік рухани келісім конресі өтті. Іс-шара ұйымдастырушыларыныӊ бірі ретінде Төлеген Мұхамеджанов ат салысты. Конгресс қатысушылары 18 қазан күні Рухани келісім күні - қақтығыстар мен шиеленістерге тоқтау салу, қайырымдылық пен жақындарға көмек көрсету, өзара түсіністік күні деп жариялауға үндеді. Мерекеніӊ тікелей ұйымдастырушылары - Қазақстан халқыныӊ ассамблеясы, "Рухани келісім конгресі" халықаралық қоры және "Мәдениет арқылы бейбітшілікке" халықаралық қауымдастығы. 2010 жылдан бастап эстрадалық әнші Иосиф Кобзон Форумныӊ ортақ төрағасы болып табылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны