25.05.2015, 11:46 4044

Астанада Қазмедиа орталығында өрт шықты

25 мамырда 11:45-те "Қазмедиа" орталығыныӊ 17 қабатында өрт шыққаны туралы хабарлама келiп түстi. Өрт сөндiру жұмыстарына 5 дана техника, жеке құрамнан 27 адам жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттiӊ шығу себептерi анықталуда

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ сол жағалауындағы "Қазмедиа" орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тілшініӊ хабарлауынша, алдын ала болжам бойынша, өрт 17-18 қабаттан шыққан. Осыған байланысты ғимараттағы қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды.

"25 мамырда 11:45-те "Қазмедиа" орталығыныӊ 17 қабатында өрт шыққаны туралы хабарлама келiп түстi. Өрт сөндiру жұмыстарына 5 дана техника, жеке құрамнан 27 адам жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттiӊ шығу себептерi анықталуда", - деп хабарлайды Астана қаласыныӊ ТЖМ баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме бере отырып, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оқиғаға қатысты өзге мәлімет әзірге жоқ.

Естеріӊізде болса, осыдан екі жыл бұрын да "Қазмедиа" орталығы ғимаратында өрт шыққан болатын. Онда от жалыны ғимараттыӊ шатырын жалмады. ТЖ қызметкерлерініӊ мәліметінше, өртіӊ шығуына сымдардыӊ тұйықталуы себеп болған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны