13.12.2007, 17:31 3098

Астанада кеден процедуралары мен тарифтеріне қатысты бірқатар құжаттар қабылдау жоспарлануда

Астанада кеден процедуралары мен тарифтеріне қатысты бірқатар құжаттар қабылдау жоспарлануда

Астана. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ТРАСЕКА (Еуропа - Кавказ - Азия көлік көлік дәлізі) Үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы барысында кеден процедуралары мен тарифтеріне қатысты бірқатар құжаттар қабылдау жоспарлануда. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз ТРАСЕКА ұйымы аясында жұмыс істейміз, біз ұйымға мүше елдердің кеден, көлік заңнамаларын сәйкестіндіру үшін жұмыс істейміз, яғни осы дәліз арқылы тасымалдау процедураларын қысқартып, транзиттік жүктердің өтуі кезіндегі түрлі кедергілерді барынша азайтамыз",- деді Ж. Қасымбек.

"Сәйкестендіру жұмыстары 10 жылдан бері жүргізіліп келеді, көптеген нормативтік құжаттар қабылданды, сондай-ақ бүгін кеден және тарифтік процедуралар мен тасымалдау жөніндегі техникалық мәселелерге қатысты бірқатар құжаттарға қол қойылады, сондықтан да бұл процесс өзіндік тасымалдаудың, жүк ағымдарының, логистика мен жүк тасымалдау бағыттарының өзгеруін ескере отырып жалғасатын болады",- деп қосты ол.

Вице-министр, ТРАСЕКА дәлізі аясында Қазақстан мен ұйымға мүше барлық елдер осы дәліз арқылы өтетін барлық транзиттік жүктерге 50 пайыздық жеңілдік жасайтындығын еске сала кетті. "Онда 0,5 төмендетілген көрсеткіш енгізілген",- деп нақтылады ол.

Вице-министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, егер ұйымның жаңа қатысушыларының ТРАСЕКА-ға кіруі туралы шешім қабылданатын болса қазақстандық жол құрылымының барлық учаскелерінде дәл осындай төмендетілген көрсеткіш енгізілетін болады, деп атап көрсетті.

"Бүгінде ТРАСЕКА құрамдас бөлігі болып табылатын жол Қазақстан бойынша Достықтан Ақтоғай арқылы Алматыға, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Ақтауға дейін өтеді. Бұл ТРАСЕКА-ның солтүстік дәлізі, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының маңынан Қырғызстанға тарайтын оңтүстік дәлізі бар, одан әрі жүк Өзбекстан мен Түрікменстан арқылы Бакуге шығып, оңтүстік және солтүстік дәліздер қайта бір бағытқа қосылады",- деп еске сала кетті Ж. Қасымбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны