07.08.2015, 09:22 3519

Астанада кейбір жол бөліктерінде қозғалыс шектеледі

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ хабарлауынша, 7 тамыздан бастап Абылай хан даӊғылынан бастап Абылай хан даӊғылынан тығырыққа дейінгі Мүсірепов көшесініӊ орташа жөндеу жұмыстары басталады

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ хабарлауынша, 7 тамыздан бастап Абылай хан даӊғылынан бастап Абылай хан даӊғылынан тығырыққа дейінгі Мүсірепов көшесініӊ орташа жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, 17-20 тамыз аралығында аталмыш жол бөлігінде асфальт төсеу үшін автокөлік қозғалысы жабылады. Жұмыс 22 тамызда аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Жұмыс кезінде қажетті ескерту және тиым салу жол белгілері қойылады.

Осыған байланысты автокөлік жүргізушілеріне жол бағдарын алдын ала жоспарлауға кеӊес береміз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны