30.06.2016, 18:51 7485

Астанада кезексіз емханалар пайда болды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мен Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасыныӊ жетекшісі Ерік Байжүнісов №5 қалалық емханада "Кезексіз емхана" имидждік жобасын жүзеге асыру шараларымен танысты

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова мен Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасыныӊ жетекшісі Ерік Байжүнісов №5 қалалық емханада "Кезексіз емхана" имидждік жобасын жүзеге асыру шараларымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Астанадағы алғашқы медициналық ұйымдардыӊ бірінде кезекті электронды басқару жүйесі енгізілді. Бұл дәрігерлер кабинетіндегі кезекті азайтуға мүмкіндік берді. Аталған емхана қаладағы 74 мыӊнан астам адамға қызмет көрсететін (күніне 500-ден астам қабылдау жүзезе асырылады) ірі емханалардыӊ бірі болып табылады.

Емханада пациенттердіӊ медициналық қызметкерлермен белсенді түрде араласуы үшін зал ұйымдастырылды. Мұнда паценттерге әркез көмекке келуге дайын тұратын медициналық қызметкерлер арасынан тағайындалған бірнеше администраторлар қызмет көрсетеді.

Медициналық ұйымда тіркеу процедуралары өзгертілді - ХҚКО сияқты "кедергісіз" үлгіде жасалды. Мұнда пациенттер электрондық жүйе арқылы дәрігерге жазылып, емханаға тіркеліп, қажетті консультация ала алады. Сонымен қатар, дәрігерлік қабылдауға телефон және интернет арқылы (egov электрондық үкімет порталы) жазылу мүмкіндігі туындады.

Шұғыл жағдайдағы пациенттер үшін дәрігерлердіӊ арнайы қабылдауы мен кіру есігі ұйымдастырылды. Балалар, жүкті әйелдер мен ересектер үшін жеке-жеке тіркеу орындары бар. Пациенттер ағымы 3 бағыт бойынша (шұғыл, жоспарлы, халықтыӊ әлеуметтік-осал тобы) бөлінді. Пациенттердіӊ дәрігерлерге алдын ала жазылуын енгізу пациенттіӊ жеке уақытын жоспарлауға, олардыӊ медициналық ұйымдарда өткізетін уақытын 1 сағаттан 15 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, анализдерді тапсыру кабинеттеріндегі кезекті азайту бойынша жұмыс реттелді, ол үшін жүкті әйелдер мен балалардыӊ анализдерін аурулардыӊ негізгі ағымынан бөлек қабылдау орындары жасалды.

Сонымен бірге, тегін дәрі-дәрмек рецептін алу жүйесі өзгертілді. Созылмалы аурулары бар диспансерлік пациенттер үшін 3 айлық мерзімге арналған рецептілер бір мерзімде берілетін болды, бұдан бұрын олар дәрігерге ай сайын қаралуы тиіс болатын.

Естеріӊізге сала кетейік, ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еліміздіӊ барлық емханаларында ағымдағы жылдыӊ басынан бастап "Кезексіз емхана" имидждік жобасын жүзеге асырып келеді. Аталған жоба аясында емханалардағы кезекті азайту мақсатында ересек азаматтарды профилактикалық тексеруден өткізу процедураларын жеӊілдету қарастырылған. Сонымен қатар, диспансерлік ауруларға жеӊілдетілген дәрі-дәрмек беру процедураларын оӊтайландыру қарастырылған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны