16.02.2018, 16:44 6209

Астанада "Қиырдағы қазақтар" деректі фильмініӊ тұсаукесері өтті

2018 жылғы 15 ақпанда "Mega Silk Way" СОО-да Моӊғолия қазақтарыныӊ тарихы мен бүгінін баяндайтын "Қиырдағы қазақтар" деректі фильмініӊ тұсаукесері өтті. Бұл жобаны 2017 жылдыӊ маусым айынан бастап www.e-history.kz порталыныӊ базасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырды

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 15 ақпанда "Mega Silk Way" СОО-да Моӊғолия қазақтарыныӊ тарихы мен бүгінін баяндайтын "Қиырдағы қазақтар" деректі фильмініӊ тұсаукесері өтті. Бұл жобаны 2017 жылдыӊ маусым айынан бастап www.e-history.kz порталыныӊ базасында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырды.

Деректі фильмніӊ мақсаты - ұлттық сана мен төл тарихты жаӊғырту, алыс-жақын шетелдерде тұрып жатқан қазақтардыӊ шынайы өмірін көрсету.

Түсірілім тобы өте ауқымды жұмыстарды атқарды. Ресейдіӊ Астрахань, Моӊғолияныӊ Ұлан-Батыр қаласын, Өзбекстанныӊ Ташкентте Кенимех ауданына дейінгі және Тәжікстанныӊ Худжанд қаласына дейінгі жерді, бас-аяғы он мыӊдаған шақырым жерді басып өтті. Ғажайып тарихи орындарды көзімен көрді, ерекше тағдыр иелерін тауып, таспаға түсірді.

"Қиырдағы қазақтар" деректі фильмдер топтамасыныӊ Моӊғолия қазақтарына арналған бөлімінде ел астанасы Ұлан-Батыр қаласында және оған жақын орналасқан Налайхан ауданында ғұмыр кешіп жатқан этникалық қазақтардыӊ бүгінгі тіршілігі көрсетіледі. Тіпті көмір қазушылардыӊ алдыӊғы сапында болған көптеген қандастарымыз Налайхан кен орындарында тер төгіп, отан игілігі үшін көмір өндіріп отыр. Сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді заманға сай жаӊғыртуда, байырғы қазақ киімдерін күнделікті тұрмыста киіп қолданады. Жоғары білім алған санаулы қазақтардыӊ абыройлы қызметін көрсетуге тырысты. Елге еӊбегі сіӊген тарихи тұлғалар жайлы деректерді жинап, ондағы Қазақстан елшілігініӊ маӊызды жұмыстарын да назардан тыс қалдырмады.

Тұсаукесерге мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентініӊ депутаттары, БАҚ басшылары, ғалымдар, тарихшылар, блогер-журналистер қатысты.

Бұл маӊызды іс-шара шетелдерден келген қазақтардыӊ тарихи отанына бейімделу мәселелеріне тағы бір назар аударуға және де тарихи отанынан тыс өмір сүріп жатқан этникалық қазақтардыӊ мәселелерін көтеруге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны