05.09.2016, 22:22 4285

Астанада қыркүйектіӊ 9 мен 11 аралығында Алматы облысыныӊ күндері өтеді

Алматы облысыныӊ әкімдігі Елордасыныӊ тұрғындары мен қонақтарын бұл күндері Ұлттық мұражайға, Жастар театрына, Ұлттық кітапхана мен Конгресс-холлға келуге шақырады. Дәстүрге сай Жәрмеӊке марафоны Оқушылар сарайыныӊ жанындағы алаӊда өтеді.

Талдықорған. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада қыркүйектіӊ 9 мен 11 аралығында Алматы облысыныӊ күндері өтеді, деп хабарлайды Ұйымдастыру комитетіндегілер.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай Астана қаласында қыркүйектіӊ 9 мен 11 аралығында "Қуатты өӊір - қуатты Қазақстан" атты Алматы облысыныӊ күндері өтеді! Іс-шаралар бағдарламасында өӊір ақындары мен жазушылары кіраптарыныӊ тұсаукесерлері, өнеркәсіп өнімініӊ, мұражай экспонаттарыныӊ, суреттер мен қолданбалы өнер туындыларыныӊ көрмелері, қойылымдар, үлкен концерттік бағдарлама мен Алматы облысы тауар өндірушілерініӊ ауқымды ауылшаруашылық жәрмеӊкесі қарастырылған", - делінген комитет хабарламасында, деп Kazakhstan Today хабарлайды.

Алматы облысыныӊ әкімдігі Елордасыныӊ тұрғындары мен қонақтарын бұл күндері Ұлттық мұражайға, Жастар театрына, Ұлттық кітапхана мен Конгресс-холлға келуге шақырады. Дәстүрге сай Жәрмеӊке марафоны Оқушылар сарайыныӊ жанындағы алаӊда өтеді.

Хабарламаға сәйкес, іс-шаралар Жамбыл Жабаевтыӊ ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Ұлттық кітапханада жергілікті жазушылардыӊ кітаптарынан көрме ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, Ұлттық музейде мұражай экспонаттары мен "Алтын адам мекені" қолданбалы өнер шеберлерініӊ туындыларынан көрме өткізіледі. Мұнда 242 мұражай экспонаты, 378 сурет, барлығы 600-ден астам бұйым қойылады.

Сондай-ақ, 10 қыркүйек күні сағат 8.00 мен 16.00 аралығында Астананыӊ Оқушылар сарайыныӊ жанында Алматы облысы тауар өндірушілерініӊ ауқымды ауылшаруашылық жәрмеӊкесі өтеді. Оған 16 аудан, 3 қала мен "Жетісу" ИКК қатысады.

Жәрмеӊкеге жалпы сомасы 160 млн теӊгеніӊ 340 тонна өнімін әкелу жоспарланған. Тауарлардыӊ құны бөлшек сауда бағасынан 15-20% арзан болмақ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны