28.07.2015, 20:22 3604

Астанада кісі өліміне соқтырған жол апатына кінәліге іздеу жарияланды - ІІД

Астана ІІД 14 шілдеде жол-көлік оқиғасын жасап, 21 жастағы жігітті қағып өлтірген Павлодар тұрғынына іздеу жариялады

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - Астана ІІД 14 шілдеде жол-көлік оқиғасын жасап, 21 жастағы жігітті қағып өлтірген Павлодар тұрғынына іздеу жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Павлодар қаласыныӊ тумасы 12.06.1987 ж.т. Қасым Байрамқұлов ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі, 347-бабы бойынша іздестірілуде", - делінген Астана ІІД баспасөз қызметініӊ хабарламасында, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Кескін-келбеті: тығыз дене бітімді, дөӊгелек жүзді, шашы тік, қара, көзі қара.

Оныӊ мекенжайы туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтар 8 (7172) 71-62-14, 71-61-94, 8-701-843-90-09 телефондары бойынша хабарласуды өтінеді.

Еске салсақ, 14 шілдеде сағат 22.00-дер шамасында Сауран көшесі жағына қарай Достық даӊғылы бойымен бет алған BMW X5 маркалы көлікті басқарған жүргізуші осы бағытпен келе жатқан ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты.

Қатты соққыдан ВАЗ 2114 маркалы көлік қарсы жол жолағына шығып кетіп, Lexus маркалы көлікпен қатқығысты. Салдарынан ВАЗ-2114 көлігініӊ 21 жастағы жолаушысы алынған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал бұл көліктіӊ жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Lexus маркалы көліктіӊ жолаушысы темір жол ауруханасын жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны