20.01.2016, 21:29 4365

Астанада қыздарына арақ ішкізді делінген әке полицияға өзі келді

Кішкентай қыздарына "арақ" ішкізіп, жұртты шошытқан әке полиция бөлімшесіне өзі барған. Тіпті жәй бармай, көріністі ғаламторға жариялаған адамныӊ үстінен арыз жаза келіпті

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кішкентай қыздарына "арақ" ішкізіп, жұртты шошытқан әке полиция бөлімшесіне өзі барған. Тіпті жәй бармай, көріністі ғаламторға жариялаған адамныӊ үстінен арыз жаза келіпті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

- Біреуін ұрайық болды. Тоқта ей, соғыстырамыз. Мына алқаш ұрып жатыр ғой. Біздіӊ Зарина деген алқашымыз, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Сөйтсе, Астана қаласыныӊ 34 жастағы тұрғыны қыздарын ойнатып, ішімдіктіӊ орнына минералды су қолданған екен. Ал өзін елге масқара етіп, бейнежазбаны заӊсыз жариялаған интернет қолданушыныӊ үстінен шағымданған. Енді тәртіп сақшылары "бейәдеп әкені" емес, видеоны интернетке салып, елді шулатқан адамныӊ өзін іздеп жатыр. Сондай-ақ, бейнероликтегі бөтелкеде шын мәнінде қандай сұйықтық болғанын анықтау үшін де арнайы сараптама жүргізілмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны