07.08.2017, 19:39 4301

Астанада Қызылорда облысыныӊ күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді

Үстіміздегі жылдыӊ 12-13 тамыз күндері "ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Астана қаласындағы Қызылорда облысыныӊ мәдени күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер мен жарыстар өтеді.

Қызылорда. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдыӊ 12-13 тамыз күндері "ЭКСПО - 2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Астана қаласындағы Қызылорда облысыныӊ мәдени күндері аясында ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер мен жарыстар өтеді. Атап айтсақ, "Қазанат" атшабарында қыз қуу, көкпар, теӊге ілу, аударыспақ, жамбы ату, ат үстіндегі өнер, қазақы тұқымды тазылардыӊ көрсетілімі өткізілсе, этноауыл аумағында тоғызқұмалақтан, асық атудан және қазақ күресінен "Түйе палуандар" сайысы ұйымдастырылады.

Жарыстарға аударыспақтан ҚР жеӊімпаздары Ибдінасредин Файзулла, Серік Имірсейіт, күміс жүлдегер Серік Ғабит, қола жүлдегер Мұратхан Қуандық, бірнеше дүркін жүлдегер Ерсұлтан Исабек, жамбы атудан ҚР алғашқы чемпионы, теӊге ілуден ҚР бірнеше дүркін жүлдегері Жарқынбек Алмағанбетов, жамбы атудан ҚР күміс жүлдегері Бекқали Өзденбаевтар қатысады.

Қазақ күресінен биылғы жылдыӊ Қазақстан барысы атағын жеӊіп алған Еламан Ерғалиев, ҚР чемпионы, самбодан Азия чемпионы Мақсат Исағабылов, ҚР чемпионы Нұрым Сәлімгереев, ҚР чемпионатыныӊ күміс жүлдегерлері Марат Баймаханов пен Жайдар Есеновтер "Түйе палуандар" сайысында облыс намысын қорғайды.

Сондай-ақ, тоғызқұмалақтан жастар арасында ҚР чемпионы Ұлдана Махамбетамин, асық атудан ҚР чемпионатыныӊ командалық есепте қола жүлдегерлері Азамат Көбелов, Ийгерім Сәрсенбаева, Самат Керімбердиев және Қуаныш Қармысбаевтар сайысқа түседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны