23.02.2011, 14:51 3692

Астанада қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарлануда

Астанада қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - Астанада қоқыс өңдейтін зауыт салу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, Биылғы жылы "Жасыл даму" бағдарламасы бойынша қайта өңдеу құрылысы өндірісі басталмақ. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Анатолий Дерновой адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында мәлім еткен.

Қоқыс өңдейтін зауыт Астанадағы тұрмыстық қатты қалдықтардың көбеюінің түйткілді мәселесін шешетін болады. Таза экологиялық орта қалыптастыру мен азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде айта келіп, ол қатты тұрмыстық қалдықтардың көбейіп кетуі мен оларды өңдейтін тиімді технологиялардың болмауы, ірі қалалардағы экожүйенің тұрақтылығына елеулі зиянын тиігізуде деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны