03.02.2015, 18:14 4050

Астанада қоқысты бөлек жинау бағдарламасы жүзеге асырылуда

Осы мақсатта контейнерлер орналасқан аумақта түрлі түсті жаӊа контейнерлер (қағазға - көк, пластикке - сары, аралас қалдықтар үшін - жасыл түсті) қойылады.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиағат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ мәліметінше, елорданыӊ тұрғын алабтарында қағаз, пластика және аралас қалдықтарды, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша жаӊа пилоттық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы мақсатта контейнерлер орналасқан аумақта түрлі түсті жаӊа контейнерлер (қағазға - көк, пластикке - сары, аралас қалдықтар үшін - жасыл түсті) қойылады. Пилоттық жоба 36 тұрғын үйді және 17 ПИК-ті қамтиды. Жобаны жүзеге асыру барысында 54 контейнерлік аумақта 108 контейнер орнатылмақ. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудыӊ жаӊа үлгісі туралы халық арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Сонымен қатар, 1 наурыздан бастап БҰҰ даму бағдарламасымен бірге электронды қалдықтарды жинау бойынша жаӊа бағдарламаны қолға алу көзделген. Жоба аясында кондоминиум аймақтарында арнайы экобокстар орнатылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны