02.04.2014, 20:22 12144

Астанада "Команда 2017" еріктілер қозғалысына қабылдау басталды

"2017 жылы елордада "Экспо-2017" халықаралық көрмесі өтеді, біз де бұл тарихи үрдіске өз үлесімізді қоспақпыз, сондықтан біздің қозғалыс "Команда 2017" деп аталады. Жұмыстың негізгі идеясы - барынша көп еріктілерді тарту, қысқа мерзімнің ішінде әлеуметік-маңызды жобаларды жүзеге асыруға қатысатын және оларды жүзеге асыратын тиімді команда құру.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Елордада сәуір-мамыр айларында "Команда 2017" қозғалысы құрылады, оған кез-келген адам қосыла алады. Бұл туралы "Команда 2017" еріктілер ұжымының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Астана қаласы әкімдігінің ресми порталы хабарлағандай, "Команда 2017" ұжымына кез-келген адам қосыла алады. Қабылдау елордалық орта арнайы және жоғары оқу орындарының жастар істері комитеті арқылы жүзеге асырылады. Команданың болашақ мүшелерін сарапшылар мен тәжірибелі еріктілер оқытады, тренингтер, семинарлар, кездесулер ұйымдастырылады.

Ал құрылған команда Астана үшін әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысады.

"2017 жылы елордада "Экспо-2017" халықаралық көрмесі өтеді, біз де бұл тарихи үрдіске өз үлесімізді қоспақпыз, сондықтан біздің қозғалыс "Команда 2017" деп аталады. Жұмыстың негізгі идеясы - барынша көп еріктілерді тарту, қысқа мерзімнің ішінде әлеуметік-маңызды жобаларды жүзеге асыруға қатысатын және оларды жүзеге асыратын тиімді команда құру. Ирине, жастар тіл білсе, ашық болса, ол да жақсы. Бастысы, пайдалы болу ниеті, белсенді азаматтық позициясын көрсетуге ұмтылуы, себебі еріктілер жұмысы - тегін, идеялық бастамаларға негізделеді", - деді "Ел қанаты" ҚҚ жобалар жөніндегі менеджері Жасұлан Адаев тұсаукесер барысында.

Айта кетейік, "Команда 2017" жобасы Астана қаласы Еріктілер қозғалысы мәселелері басқармасының қолдауымен құрылды. Жұмысының негізгі бағыты - жобаларды, флэшмобтарды, спорттық сайыстар мен т.б. жарыстарды жүзеге асыру. Ұжым өткізетін алғашқы шара 9 мамыр мерекесіне орай георгий лентасын табыстау акциясы болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны