31.10.2007, 15:41 6201

Астанада коммерциялық баспананың басым бөлігіне сұраныс жоқ - қалалық құрылыс департаменті (толықтырылған нұсқа )

Астанада коммерциялық баспананың басым бөлігіне сұраныс жоқ

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада коммерциялық баспананың басым бөлігіне сұраныс жоқ. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық құрылыс департаментінің директоры Асқар Нұрмағамбетов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгінгі таңда коммерциялық баспананың басым бөлігіне сұраныс болмай тұр", - деді А. Нұрмағамбетов. Оның пікірінше, "мұндай жағдай дағдарысқа байланысты туындап отыр". "Банктер несие беруді доғарды, ипотекалық несиелендіру қазір іс жүзінде тоқтатылған. Соған сәйкес сұраныстың күрт төмендеді. Бұл баспананың басым бөлігі сұраныссыз тұр деген сөз", - деді ол.

Сонымен бірге департамент директорының хабарлауынша, Астанада бюджет саласының қызметкерлері үшін екі үлкен ықшамаудан салынады. "Біз қазір екі үлкен ықшамауданның жобасын жасап жатырмыз. әрбіреуінде 400 мың шаршы метр тұрғын үйден болады. Бір ықшамауданның жобасы мемлекеттік сараптама бойынша жасалып үлгерді",- деді ол. Директордың нақтылауынша, 23 мың пәтер салу қажет, бұл ең төменгі аумақ бойынша алғанда бір миллионнан астам шаршы метрді құрайды.

Сонымен бірге, А. Нұрмағамбетовтың хабарлауынша, 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Астана қаласында республикалық бюджет есебінен 58 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсау көзделген. "Соның ішінде тұрғын үй құрылысына 35 млрд теңге, жалға берілетін баспана салуға 1 млрд 300 мың теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 15 млрд теңге, инженерлік желілерді реконструкциялауға 6,7 млрд теңге көзделген", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны