02.12.2018, 13:46 4162

Астанада "Көӊілдіӊ асыл пернесі" ІІ Республикалық шығармашылық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды

Жалпыға таныс әндерді орындаудағы шеберлігін 12 мен 17 жас аралығындағы жастар танытты. Биыл елдіӊ түкпір-түкпірінен 150 өтінім келіп түсті. Оныӊ 42-сі ақтық сынға жетті. Ир қатысушы өзініӊ ән орындау стилімен ерекшеленді.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Назарбаев орталығында Қазақстан Респубикасыныӊ Тұӊғыш Президенті күніне арналған "Көӊілдіӊ асыл пернесі: Н.И. Назарбаевтыӊ ән шығармашылығы" ІІ Республикалық шығармашылық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президентініӊ Қоры, Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасы және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы бірлесіп ұйымдастырған жоба ұлттық дәстүрлерді сақтауға және "Мәӊгілік Ел" патриоттық идеясыныӊ негізінде жеке тұлғаны рухани тұрғыдан дамытуға бағытталған.

Негізгі міндеті - жеке тұлғаны қалыптастырудағы аса бай ресурс ретінде ән шығармашылығыныӊ маӊыздылығын арттыру, музыка өнерініӊ түрлі жанрларында жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау.

Өзініӊ құттықтау сөзінде Тұӊғыш Президент Қорыныӊ атқарушы директоры Қанат Жұмабаев "Бұл жобаныӊ арқасында Мемлекет басшысыныӊ әр қазақстандыққа таныс "Жерім меніӊ", "Үшқоӊыр", "Елім меніӊ" авторлық әндері басқа қырынан танылды. Олар халықтыӊ рухани құндылықтарын, оныӊ ұмтылысын, Отанға деген махаббатын және тарих пен дәстүрге деген ерекше сеземін байқатады", - деді.

Жалпыға таныс әндерді орындаудағы шеберлігін 12 мен 17 жас аралығындағы жастар танытты. Биыл елдіӊ түкпір-түкпірінен 150 өтінім келіп түсті. Оныӊ 42-сі ақтық сынға жетті. Ир қатысушы өзініӊ ән орындау стилімен ерекшеленді.

Иділқазылар алқасы "Бабамнан калған кеӊ дала" (Н. И. Назарбаевтыӊ сөздеріне жазылған әндер), "Біздіӊ сүйікті Президентіміздіӊ әндері толқынында" (Мемлекет басшысыныӊ сүйікті әндері) номинациялары бойынша мықтыны анықтады.

Биылғы жылы байқауға "Қасиетті домбыра" атты жаӊа номинация енгізілді. Қазақ халқы үшін оныӊ орны ерек. Өйткені ұлт болмысын, дәстүрін және өнерін бүгінгі күнге жеткізген де осы қара домбыра. Биыл Президенттіӊ Жарлығымен Домбыра күні белгіленді.

Үш номинациядан өзге үздік орындаушыға гран-при табысталды.

Жеӊімпаздар ретінде:

- "Бабамнан калған кеӊ дала" номинациясы бойынша - Павлодар облысы Ақсу қаласынан "Мерей" тобы;

- "Біздіӊ сүйікті Президентіміздіӊ әндері толқынында" - Алматы қаласынан Идия Ибдіқадыр, Астана қаласынан "Жұлдызай" тобы, Сәтпаев қаласынан Назира Ибрагимова;

- "Қасиетті домбыра" номинациясында Орал қаласынан Жасмина Палат, Айнара Мусина, Сабина Джумагельдинова триосы және Астана қаласынан Бекарыс Байбөрінов танылды.

Байқау гран-приін Инел Оразбаева жеӊіп алды. Ол Н.И. Назарбаевтыӊ сөзіне жазылған "Город мой" әнін асқан шеберлікпен орындап шықты.

Жеӊімпаздарға дипломдар мен музыкалық аспаптар алуға арналған сертификаттар табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны