24.01.2014, 20:38 18201

Астанада қосымша мәдени мекемелер мен әлеуметтік институттар ашу керек - И.Өміршина

Маманның айтуынша, бүгінде Астанада насихаттау және түсіндіру жұмыстарымен айналысатын жақсы алаңдар мен әлеуметтік институттарды ашу керек. Оның ішінде саяси-мәдени насихаттық жұмыспен ғана емес, халыққа рухани дүниелерді паш ететін мәдени мекемелерді көп болғаны абзал.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгінде Астанада насихаттау және түсіндіру жұмыстарымен айналысатын жақсы алаңдар мен әлеуметтік институттарды ашу қажет, деп "Атамекен" Қазақстан картасы" этно-мемориалды кешенінде "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" деген тақырыппен өткен дөңгелек үстелде Тәуелсіздік сарайының жетекшісі Исел Өміршина мәлім етті.

"Елбасы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында және бұған дейінгі құжаттарда мәдениет саласын талай рет көтерді. Менің ойымша бүгін шешуге болатын мәселені, ертеңгі күннің еншісіне қалдырудың қажеті жоқ. Бүгінде қордаланған мәселе өте көп. Рас, жаңа Жолдауда мәдениет саласына үлкен көңіл бөлінген және онда айтылған сөздер мен үшін қымбат", - деді Исел Өміршина.

Маманның айтуынша, бүгінде Астанада насихаттау және түсіндіру жұмыстарымен айналысатын жақсы алаңдар мен әлеуметтік институттарды ашу керек. Оның ішінде саяси-мәдени насихаттық жұмыспен ғана емес, халыққа рухани дүниелерді паш ететін мәдени мекемелерді көп болғаны абзал.

"Басты мақсат осы саланы жоғары деңгейге көтеру және халық бірден қабылдауы үшін технологиялық көрмелер ұйымдастыру қажет. Алайда, қанымызға сіңген ұлттық және дәстүрлі құндылықтарымызды ұмытпағанымыз жөн", - деді сөз соңында мәдениет саласының қызметкері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны