04.08.2017, 19:10 3427

Астанада Қостанай облысы күндері өтеді

Астанада 5 - 9 тамызы аралығында Қостанай облысыныӊ күндері өтеді. Облыстыӊ ауылшаруашылық өнімдерініӊ 100 түрінен 650 тоннаға жуық азық-түлік жәрмеӊкеге қойылады. Өӊірдіӊ тауарлары мен өндірісінен бөлек Астана жұртшылығы Қостанайдыӊ өнер ұжымдарыныӊ қойылымдарын тамашалай алады.

Қостанай. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Астанада 5 - 9 тамызы аралығында Қостанай облысыныӊ күндері өтеді. Облыстыӊ ауылшаруашылық өнімдерініӊ 100 түрінен 650 тоннаға жуық азық-түлік жәрмеӊкеге қойылады. Өӊірдіӊ тауарлары мен өндірісінен бөлек Астана жұртшылығы Қостанайдыӊ өнер ұжымдарыныӊ қойылымдарын тамашалай алады.

Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысыныӊ күндеріне байланысты облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Бибігүл Аққожина, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Байбосын Мурзин, облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы Ерлан Қалмақов шараныӊ бағдарламасымен таныстырды.

Баспасөз конференцияда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Байбосын Мурзин, Қостанай облысы өнімін арттыруда республика бойынша алғашқы қатарда тұрған аймақ екенін атап өтті. Бидай өсімі 49%-ға, ұн өндірісі 57%-ға, сүт және сүт тағамдары 57%-ға, ет және ет өнімдері өткен жылдармен салыстырғанда 3,7 есеге өскен.

Сонымен қатар 5 және 6 тамыз күндері "Қазақстан" спорт кешенінде Қостанай облысыныӊ 14 ауданы мен қалалары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерініӊ қатысуымен Жәрмеӊке өткізеді. Онда шұжық, сүт, кондитерлік, ұн және макарон өнімдері түрлерініӊ 100 астам атауы және басқа да өнімдер тауар өндірушілердіӊ бағасымен 650 тонна көлемінде ұсынылады. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін азық-түлік бағасы, нарықтық бағадан төмен болмақ.

Астана қаласыныӊ Орталық алаӊында 9 тамыз күні Қостанай облысы күндерініӊ салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Мәдени күндердіӊ шымылдығын Big-bandтыӊ "В кругу друзей и современных ритмов" атты джаздық шолуы жабады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны