12.03.2015, 17:47 4722

Астанада Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалыныӊ жаӊа ғимараты ашылды

Бүгін Астанада Жеӊіс даӊғылы 16/1 мекен-жайында орналасқан Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалыныӊ жаӊа ғимаратыныӊ ашылу салтанаты болды

Астана. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Жеӊіс даӊғылы 16/1 мекен-жайында орналасқан Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалыныӊ жаӊа ғимаратыныӊ ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ, "Нұр Отан" партиясыныӊ, депутаттар корпусыныӊ, Астана қаласы әкімдігініӊ өкілдері қатысты. Шетелдік офтольмолог мамандар: Ресей глаукома қоғамыныӊ вице-президенті, Санкт-Петербург қаласыныӊ бас офтальмологы, м.ғ.д. профессор Ю.С.Астахов (Ресей), Офтальмологтардыӊ Еуропалық Коллегиясыныӊ Бас хатшысы, профессор Э.Мидена (Италия) құттықтау сөз арнады.

Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты - 80 жылдық тарихы бар еліміздіӊ бас офтальмологиялық орталығы. Институттыӊ елордадағы филиалы 4 жылдан бері Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Астана қаласы тұрғындарын тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі шеӊберінде жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмекпен қамтамасыз етуде. Филиал шала туылған нәрестелердіӊ көз ауруларын емдеуде және скрининг жүргізуде қалалық перинаталдық орталықпен ынтымақтаса жұмыс істейді.

Ауданы 3200 шаршы метр болатын жаӊа ғимаратқа көшу офтальмологиялық емдеу-диагностикалау қызметтерін кеӊейтуге, сондай-ақ, шел хирургиясы және көз жанарын түзету сияқты салаларда еӊ озық технологияларды ендіруге мүмкіндік береді. Астанадағы филиалға 400 млн. теӊгеніӊ заманауи қондырғылары: шел хирургиясына және рефракциялық хирургияға жоғары рұқсат етілген оптикалық когерентті томограф сатып алынды.

Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалыныӊ құрамына ересектер мен балалар бөлімі, күндізгі стационар, диагностикалық-консультативтік бөлім, лазерлік орталық, офтальмологтарды оқыту зертханасы кіреді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ мәліметінше, әлемде 285 млн. адам көз ауруларына шалдыққан, олардыӊ ішінде 39 млн. зағип жан бар. Қазақстанда көз аурулары бойынша 56 мыӊ мүгедек тіркелген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны