02.02.2016, 12:40 3740

Астанада ҚР ҚК-ніӊ жаӊа авиациялық-техникалық орталығы салынуда

Қазақстанныӊ қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту шеӊберінде "Қазақстан Авиациялық Индустрия" ЖШС ҚР Қарулы Күштерініӊ Иуе қорғанысы күштерімен бірлесіп Астанада авиациялық техниканы құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі алғашқы көпбейінді кәсіпорын құруды аяқтауда

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту шеӊберінде "Қазақстан Авиациялық Индустрия" ЖШС ҚР Қарулы Күштерініӊ Иуе қорғанысы күштерімен бірлесіп Астанада авиациялық техниканы құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі алғашқы көпбейінді кәсіпорын құруды аяқтауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келешектегі авиациялық-техникалық орталықтыӊ өндіріс нысандарыныӊ ауданы 6 000-нан аса шаршы метрді құрайды. Аталмыш орталық осы жылдыӊ мамыр айында іске қосылады. Жаӊа орталықтыӊ мүмкіндіктерініӊ алғашқы көрсетілімі "KADEX-2016" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі барысында жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Авиаорталық авиациялық техникаға қызмет көрсету бойынша жоғары технологиялық өндіріс базасын құруға бағытталған. Бұл жерде Қазақстан Искери-әуе күштері техникасына сервистік қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Орталық пайдалануға берілгеннен бастап Су-30 жойғыштары мен С-295, Ан-26 және Ан-72 әскери-көлік ұшақтарын жөндеу үшін өндіруші кәсіпорындарға ұшу аппараттарын жөнелту қажеттілігі туындамайды. Тиісті дайындықтан өткен қазақстандық техникалық персонал ұшақтардыӊ қызмет етуіне дейін ұшу қорын қамтамасыз етеді.

Мамандардыӊ айтуынша, Қазақстанныӊ жағрафиялық орналасуы мен өндіріс қуаты жаӊа авиациялық-техникалық орталыққа еліміздіӊ Қарулы Күштерініӊ мүддесінде мүмкіндіктерді іске асырып қана қоймай, сонымен бірге өӊірлік деӊгейге шығуға мүмкіндік береді. Бұл Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанныӊ индустриалды-инновациялық даму старегиясыныӊ айқын түрде жүзеге асуы болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны