04.03.2013, 13:52 3038

Астанада ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті баспасөз мәслихаты өтті

7 наурызда Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаевтың еліміздің әйелдер қоғамымен дәстүрлі кездесуі өтеді.

Астана. 4-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаевтың апта сайынғы баспасөз мәслихаты өтті, соның барысында ол Қазақстанда осы аптаға жоспарланған бірқатар маңызды оқиғалар мен іс-шараларға аңдатпа жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

7 наурызда Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаевтың еліміздің әйелдер қоғамымен дәстүрлі кездесуі өтеді.

Парламентке қатысты, 5 наурызда ҚР Парламент Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік бойынша комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді.

"Отырыс барысында "Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы келісімін бекіту туралы" заң жобасын қарастыру жоспарланған", - деді А.Ибибуллаев.

Үкіметке қатысты, 5 наурыз күні Премьер-Министр Серік Ахметовтың төрағалығымен отырыс өткізіледі, оның барысында "Нұр Отан" ХДП-ның "Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары" сайлауалды тұғырнамасының орындалуы қарастырылады.

"Нұр Отан" басқарушы партияның сайлауалды тұғырнамасының орындалу барысы туралы орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары және облыс әкімдері баяндайды.

Сенбі, 9 наурызда Қазақстанның Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша мәжіліс өткізеді.

Сонымен қатар, осы аптада Үкімет Басшысы Экономиканы жетілдіру бойынша мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыс мәжілісін өткізеді.

Оған қоса, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың Алматы облысына іссапары жоспарланған.

6-7 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің басшылығымен Қазақстан делегациясының Францияға жұмыс сапары жоспарланған.

"Аталған іссапарға сауда-экономикалық, инновациялық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі әртараптандыру, бірқатар ірі бірлескен жобаларды жылжыту бойынша Қазақстан және Франция мемлекет басшыларының деңгейіндегі

уағдаластықты жүзеге асыру ретінде қарау қажет", - деді ОКҚ-нің ресми өкілі.

Сонымен бірге, А.Ибибуллаев "Нұр Отан" ХДП-ның, Сыртқы істер министрлігінің, сонымен қатар осы аптаның басқа да маңызды оқиғаларына қатысты бірқатар іс-шараларды атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны