12.12.2008, 16:11 1581

Астанада ҚР президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті

Астанада ҚР президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия отырысында Қазақстан азаматтығын қабылдағысы келетін адамдарға қатысты құжаттар қаралды. Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін 24 мыңнан астам адам Қазақстан азаматтығын алатын болады, олардың қатарында ТМД және алыс шет елдерден келген отандас-қазақтар мен басқа ұлт өкілдері де бар.

Отырыс барысында мемлекеттік хатшы соңғы жылдары жарты миллионнан астам адам біздің еліміздің азаматтығын алғанын атап өтті. Бұл президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп келе жатқан сындарлы саясаттың арқасында мемлекетімізде экономикалық және демократиялық салаларда қол жеткізілген жетістіктерді мойындаудың басты көрсеткіші болып табылады.

"Біз Қазақстанның жаңа азаматтарын үлкен қошаметпен қарсы ала отырып, оларға бақытты өмір және қайта қауышқан Отанының одан әрі өркендеуі жолында жемісті еңбек тілейміз", - деді Қ.Саудабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны