02.04.2018, 16:14 3910

Астанада "Красный уровень" телехикасяыныӊ арнайы таныстырылымы өтті

Фильмніӊ сюжеті арнайы қызметтер мен Астанада лаӊкестік шабуыл жасамақ болған діни экстремистік топ арасындағы қақтығысға негізделген. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен отбасылық құндылықтар туралы, әлсіз бен әлдініӊ және қазіргі қазақстандық қоғамныӊ алдында тұрған нақты проблемалары туралы сериал

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада "Красный уровень" телехикасяыныӊ арнайы таныстырылымы өтті.

Таныстырылымға ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, ақпарат және коммуникация минитстрі Дәурен Абаев және "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев қатысты.

Фильмніӊ сюжеті арнайы қызметтер мен Астанада лаӊкестік шабуыл жасамақ болған діни экстремистік топ арасындағы қақтығысға негізделген. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен отбасылық құндылықтар туралы, әлсіз бен әлдініӊ және қазіргі қазақстандық қоғамныӊ алдында тұрған нақты проблемалары туралы сериал.

Фильмніӊ сюжеті соӊғы жылдары Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларға негізделген. Бас кейіпкер, ҰҚК-ніӊ тергеушісі Ернар Есенгелдиев бірқатар қатыгез қылмыстарды тергеп жүріп кенеттен экстремистік топтыӊ ізіне түседі. Бұл топтыӊ Қазақстан астанасында бірден бірнеше террорлық шабуыл жасауды жоспарлағаны мәлім болды. Мыӊдаған бейбіт азаматтардыӊ өміріне қауіп төнді. Сонымен бірге майор Есенгелдиевтіӊ жеке өмірінде де дағдарыс туып, еӊ жауапты сәтте ол сатқындыққа тап болады.

"Красный уровень" авторлары детективтік сериал ғана түсіру міндетін қойған жоқ. Фильмде күрделі де қиын, сонымен бірге Қазақстанға өзекті діни экстремизм тақырыбы қозғалған. Соӊғы жылдары Қазақстанда болған қайғылы оқиғалардыӊ себептері қандай? Қазақстан халқын лаӊкестік қауіптен кім қорғайды және жымысқы топтардыӊ қолындағы қаруына айналып кетпеудіӊ жолы бар ма? Кешірілмес қателік жасаған адам қайтар жолын таба ала ма?

Фильмдегі басты рөлді қазақ киносыныӊ танымал актерлері Берік Айтжанов, Тәуекел Мүслім, Сая Оразғалиева, Филипп Волошин және Нышанбек Жұбанаев сомдады. Қоюшы-режиссер ресейлік Валерий Мызников "Глухарь" және "Знаки судьбы" сериалдарымен танымал. "Красный уровень" телехикаясын "КТК" телеарнасы ҚР Ақпарат және байланыс министрлігініӊ тапсырысымен "STRANA media team" продакшн-орталығымен бірлесіп түсірді.

Фильм 2018 жылдыӊ 31 наурыз - 1 сәуір аралығында "КТК" телеарнасында көп көрсетіледі.

2017 жылы Ақпарат және коммуникациялар министрлігініӊ тапсырысымен қазақстандық қоғамныӊ маӊызды әлеуметтік құбылыстарымен айналысатын 40 телехикая мен 131 әлеуметтік бейнеролик түсірілді. Бұл шаралар өз кезегінде отандық телеарналардыӊ шетелдік медиа мазмұнына тәуелділігін төмендетуге және киноиндустрияны дамытуға көмектеседі.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны