25.02.2010, 16:33 12623

Астанада күзде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерінің қоршаған орта және даму жөніндегі алтыншы министрлік конференциясы өтеді

Астанада күзде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерінің қоршаған орта және даму жөніндегі алтыншы министрлік конференциясы өтеді

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Астанада күзде Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерінің қоршаған орта және даму жөніндегі алтыншы министрлік конференциясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

БҰҰ өкілі, Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің экологиялық саясат және даму бөлімінің директоры Шаои Лидің айтуынша, конференцияда экологиялық зерттеулердің принциптері, табиғи ресурстарды пайдалану, парник газдарын төмендету принциптеріне негізделген жаңа парадигманы жасау, қала салу мәселелері талқыланады.

"Астанада экология және экономика министрлері қол қоятын министрлер декларациясы қабылданады деп күтілуде. Декларацияда экологиялық міндеттемелерді жүктеп алу, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму принциптерін ілгерілету жөніндегі міндеттемелерді жүктеп алу қарастырылады. Сондай-ақ, конференцияда өңірдегі экологиялық қауіпсіздік бойынша нақты іс-әрекеттердің 2015 жылға дейінгі жоспарын жасау көзделуде",- деді Ш.Ли.

Конференция Астанадағы Тәуелсіздік сарайында 2010 жылдың 27 қыркүйегінен бастап 6 күнге созылады деп күтілуде.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың 25 ақпарында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде 2011 жылғы Астанадағы "Еуропа үшін қоршаған орта" жетінші жалпыеуропалық министрлік конференциясы мен 2010 жылғы Астанадағы "Қоршаған орта және даму" Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерінің алтыншы министрлік конференциясы қарсаңында консультациялық кеңестің екінші кездесуі өтті.

Кездесуді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен БҰҰ Азия-Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы, (ЕСКАТО) экологиялық саясат және даму бөлімімен серіктесе отырып РААЭО ұйымдастырды. Аталған кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, Бизнес-секторлар, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктердің өкілдері қатысты.

Кездесудің мақсаты - Астана-2010 қоршаған орта және даму бойынша VI министрлік конференциясына дайындық бойынша міндеттемелер мен бастамалар нәтижелерін талқылау.

КК кездесуіне конференцияға дайындық бойынша ҚР Үкіметінің "Жасыл көпір" Астана бастамасы, параллелді іс-шаралардың тұсаукесері, ресми сайт және конференцияның медиа-сүйемелдеу қызметі ұсынылды сонымен қатар, бизнес-бірлестіктің қатысуы және рөлі белгіленді.

2010 және 2011 жылғы Астана конференцияларына дайындық бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобы жанындағы Консультациялық кеңесті құру туралы шешім Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы (РААЭО) мен БҰҰДБ, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жұмыс жиналысында қабылданды. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ишімовтың хатына сәйкес РААЭО консультациялық кеңес құру тапсырылды.

2009 жылдың 24 қарашасындағы консультациялық кеңестің бірінші отырысында Конференцияны жүргізу және мазмұнды дайындық процессіне бірлескен-әлеуметтік жауапкершілік жобалары, алдыңғы қатарлы жаңашылдық және тәжірибені тарту үшін бірлестік бизнесін жүргізуде маңызды рөл атқаратын кеңес бағдарламасы ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны