13.06.2008, 16:35 2742

Астанада "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы басталды

Астанада "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы басталды

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысы жөнінде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндама жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ, отырыста қоғамдық кеңес мүшелерінің есептері, атап айтсақ, шығыстану институтының директоры Меруерт Ибусейітованың, археология институтының директоры Карл Байпақовтың, мәдениеттанушы Мұрат Иуэзовтың есептері тыңдалады.

"Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын президент 2004 жылдың ақпан айында бекіткен. Оның басты мақсаты - еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен тиімді пайдалану, рухани және білім беру салаларын дамыту. Бағдарламаны жүзеге асыруға 6 млрд 733 млн теңге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны