19.10.2018, 20:29 4520

Астанада Мағжан Жұмабайдыӊ 125 жылдығына арналған "Мағжан әлемі" атты поэзия кеші өтті

Кештіӊ мақсаты - Алаш аяулысы, ұлт ақыны Мағжан Жұмабайдыӊ рухани-әдеби мұраларын көпшілікке кеӊінен насихаттау, жастарды отаншылдық рух пен патриотизмге тәрбиелеу, қоғамдық сананы ұлттық бағытта жаӊғырту, қазақ руханиятыныӊ алтын арқауы - қазақ тілін өлеӊ мен сөз құдіреті арқылы паш ету.

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Астана қаласы әкімдігініӊ Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ ұйымдастыруымен 2018 жылғы 19 қазан күні "Меніӊ тілім - ұлы дала рухы" фестивалі аясында Мағжан Жұмабайдыӊ 125 жылдығына арналған "Мағжан әлемі" атты поэзия кеші өтті.

Кештіӊ мақсаты - Алаш аяулысы, ұлт ақыны Мағжан Жұмабайдыӊ рухани-әдеби мұраларын көпшілікке кеӊінен насихаттау, жастарды отаншылдық рух пен патриотизмге тәрбиелеу, қоғамдық сананы ұлттық бағытта жаӊғырту, қазақ руханиятыныӊ алтын арқауы - қазақ тілін өлеӊ мен сөз құдіреті арқылы паш ету.

Поэзия кеші барысында мағжантанушы ғалымдар тарапынан Мағжанныӊ өмірі мен шығармашылығына қатысты тыӊ деректер айтылды, бейнесюжеттер көрсетілді, ел ақындары Мағжанға арналған жауһар жырларын оқыды, белгілі өнерпаздар Мағжанныӊ ән әлемінен сыр шертті. Сондай-ақ, Мағжан есімді жас өрендер ақын атасыныӊ өлеӊдерін оқыды.

Іс-шараға ел зиялылары, Парламент және мәслихат депутаттары, қала басшылығы, құрылымдық және аумақтық мекемелердіӊ, оқу орындарыныӊ, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарыныӊ жетекшілері, белсенді жастар және қызығушылық танытқан барша қауым, БАҚ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны