24.12.2013, 21:14 6534

Астанада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті

Жарыс барысында алты жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Алматы қаласының спорт шеберлерлері барлық жүлдеге қол жеткізіп, көш бастады.

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan today. Астанада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған еліміздің 6 өңірінен 70 астам спортшы қатысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жарыс барысында алты жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Алматы қаласының спорт шеберлерлері барлық жүлдеге қол жеткізіп, көш бастады. Ұлдар арасында 129,88 ұпай жинаған Данияр Иділов үздік атанды, Ибіш Байтканов 114,39 және Александр Лян 109,48 ұпай жинады", - делінген хабарламада.

Қыздар арасында 106,59 ұпаймен Айза Мамбекова жеңіске жетті. Регина Глазман және Ирина Воржева сәйкесінше, күміс және қола жүлдеге қолжеткізді. Бірінші разрядтағы ең жас қатысушылар арасында екі бағдарламада да елордалықтар үздік атанды. Никита Манько бірінші (87,90), Рахат Бралин екінші (81,10) орын алды, ал Диас Нұрмет (72,03) үшінші орынға тұрақтады. Осы санатта қыздар арасында алматылық Алана Тоқтарова (81,41) басымдық танытты, қарағандылық Алина Асауова (70,85) екінші, және астаналық Ақерке Меңдолла үшінші орынға табан тіреді.

Жүлде алған елордалық команданың мүшелерін жарысқа №2 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Александр Белоусов дайындаған. Спорт шеберіне кандидат разрядының қатысушыларынан Қарағанды қаласының өкілі Мелис Хакімов (107,31) алматылық Артур Панихиннен 5 ұпай артық жинап, бірінші орын алды.

Ал спорт шеберіне кандидат қыздар арасында екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Алина Сыдықова 94,25 ұпаймен көш бастады.

Айта кетейік, Астана мен Алматы қаласынан келген қатысушылар көп болды. Ең үлкені 19 жаста болса, ал ең кішісі 10 жаңа толған екен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны