08.11.2018, 15:28 4831

Астанада "мас жүргізуші-қылмыскер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізілді

Жедел -профилактикалық іс-шараны өткізу барысында көлік құралын мас күйінде басқаратын тұлғаларды анықтау мақсатында іс-шаралар көптеп өткізілетін аумақтарда және демалыс орындарында, ойын-сауық мекемелері мен басқа да қоғамдық орындарда патрульдеу ұйымдастырылды.

Астана. 8 қараша. Kazakhstan Today - Жолдағы апаттардыӊ алдын-алу, жол қозғалысы ережелерініӊ апаттылық деӊгейіне тікелей әсер ететін бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында Астана қаласы ПД - ніӊ Жергілікті полиция қызметі ағымдағы жылдыӊ 02-03 қараша аралығында елорда аумағында "мас жүргізуші-қылмыскер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

Жедел -профилактикалық іс-шараны өткізу барысында көлік құралын мас күйінде басқаратын тұлғаларды анықтау мақсатында іс-шаралар көптеп өткізілетін аумақтарда және демалыс орындарында, ойын-сауық мекемелері мен басқа да қоғамдық орындарда патрульдеу ұйымдастырылды.

Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 900-ден астам құқықбұзушы анықталып, олар ҚР ИҚБтК-ніӊ 608-бабына сәйкес ("алкогольдік, есірткілік масаӊ күйдегі жүргізушініӊ көлік құралын басқаруы..." үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны